Таразда «Медиацияны кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен дауларды реттеудің баламалы тәсілі ретінде дамытудың келешегі» тақырыбында кеңейтілген отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы ҚХА медиаторлар Кеңесі «Кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен дауларды реттеудің баламалы тәсілі ретінде медиацияны дамыту шаралары» атты кеңейтілген отырысын өткізді. Іс-шараны ұйымдастырушы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының медиация кабинеті.
Судьялар, заңгерлер, адвокаттар, ҚХА медиаторлары, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, белсенді жастар кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен даулы жағдайларды реттеуде «Медиация туралы» заңды қолданудың қиындықтары мен алға қойылған іс-шаралары, жастарды жұмыспен қамтудың қазіргі және әлеуетті мәселелерін шешу, оның әлеуетін жүзеге асыру жолдарын, отаншылдық пен Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу әдістерін талқылады. Сонымен қатар, отырысқа қатысушылар белгіленген мәселелер бойынша ұсыныстар енгізді:
– кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен жанжалдарды шешу бойынша медиация технологиясын қолдану туралы;
– қала және аудан оқу орындарында консультативтік-әдістемелік кездесулер өткізу туралы;
– кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен жанжалдарды шешу саласында жұмыс істейтін медиаторларға арналған әдістемелік құралдар туралы (әзірлеу).
Мәжіліске қатысушылардың бірі Жанна Мамышева – «Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің қауымдастығы» ЖҚБ жетекшісі, кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен даулы жағдайларды баламалы реттеудің қиындықтары мен алға қойылған міндеттерін атап өтті: – «Мен бір тың жаңалық ашпай-ақ қояйын, дегенмен де, жастардың басты мәселесіне келіп тоқталатын болсақ, жұмыссыздық, талапсыздық және алға ұмтылу жоспарларының болмауы көп келелі мәселеге әкеп соқтыратыны сөзсіз. Егер қалада мүлдем жұмыс жоқ деп айтар болсам, объективті болудан қорықпаймын. Жұмыс әрдайым бар! Бұған басқа елдерден келген мигранттар санының жыл сайынғы өсуі дәлел. Бірақ мәселе бар жұмыс жастардың талаптарына, сұраныстарына және амбициясына жауап бермейді. Қалалық жастар ресурстық орталығының (ЖРО) мәліметтері бойынша, бүгінгі таңда Тараз қаласындағы жастардың саны 14 пен 29 жас аралығындағы 86 553 адамды құрайды. Бір жағынан қалада жастардың дамуы мен өсуі үшін барлығы бар! Бұл бірінші кезекте жоғары (ЖОО) және орта (ЖҚС) оқу орындарының болуы. Студенттердің жалпы саны: 40 500 адам, бұл қала жастарының жартысын құрайды. Жыл сайын 7689 түлек шығарылады, бірақ тек 4152 түлек жұмысқа орналасады, бұл 54% құрайды. Бұл басқа мемлекеттерде оқитын жастарды санамағанда, оқыту және кадрларды даярлау үрдістерінің айқын өзгерісі. Ел Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» атты мақаласында былай деп атап өтті: – «Бүгінгі таңда жеке адам ғана емес, сонымен қатар ұлт өзінің бәсекеге қабілеттілігін дамыта отырып, табысқа жетуге мүмкіндігі бар» дәл осы қажеттілік пен бәсекеге қабілеттілік, еңбек нарығының басты критерийлері! Басқаша айтқанда, жыл сайын қаланың жоғары оқу орны мен СУЗ-лары елдің бюджет қаражатының жартысын және азаматтардың жинақтарын тиімсіз жұмсайды!».
Отырысқа қатысушылардың барлығы жастарды жұмыспен қамтудың қазіргі және әлеуетті мәселелерін шешу жолдарын іздестіруге бір ауыздан келісіліп, кәмелетке толмағандар мен жастардың қатысуымен жанжалдарды шешу саласында жұмыс істейтін медиаторларға арналған әдістемелік құралдар әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізілді. Мектептерде, колледждерде консультативтік-әдістемелік кездесулер ұйымдастырып, топтық бірлікті дамыту және қалыптастыру үшін рөлдік ойындар өткізу, соған қоса мектептегі, отбасындағы, ауладағы жанжал барысындағы Медиацияның араласуы, сондай-ақ сыныптың, мектептің дәстүрлері мен құндылықтарының бірыңғай жүйесін құру шараларын қарастыру да көзделді.
Жамбыл облысы әкімі аппараты
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз орталығы