Таразда ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Ілияс Буларовпен кездесу өтті
Ағымдағы жылдың тоғызыншы шілдесінде Достық үйінде ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Ілияс Буларовпен Жамбыл облыстық ҚХА мүшелері және ЭМБ жетекшілерінің кездесуі өтті.
Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырумен өткен іс-шараға ҚР Парламентінің Мәжіліс депутаты Ілияс Буларов, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысы Бейқұт Жаманкөзов және аймақтық ЭМБ жетекшілері мен өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, БАҚ мүшелері қатысты.
Кездесу басы Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы басшысы Бейқұт Жаманкөзовтың алғы сөзімен басталды. Ал, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты Ілияс Буларов өңіріміздегі этносаралық күрделі мәселелерді талқыға алып, этникалық топтардың өзара келісімі, бейбітшілік пен тұрақтылық саясаты және біздің облыстық ассамблеяның белсенді жұмыс жасап жатқанын алға тарта отырып, алда атқарылуы тиіс бірқатар түйткілді мәселелерге тоқталды. Өз кезегінде Жамбыл облысы ҚХА төрағасының Қоғамдық орынбасары Латиф Айдаровта облыста орын алып жатқан біраз олқылтарды тарқата айтып, бірқатар мәселелерді ортаға салды.
Жиын соңында этномәдени бірлестік жетекшілері мен өкілдер депутатқа өз ұсыныстары мен сұрақтарын жолдады.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ
«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі орталығы