Тараз қаласының Достық үйінде Конституция күні аталып өтті
Ағымдағы жылдың 28-тамызында Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы ҚХА Аналар мен ақсақалдар кеңесінің этномәдени бірлестік жастарымен Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай ұйымдастырылған «Елімнің еркіндігі – Ата Заңым» атты кездесуі өтті.
Кездесуді ұйымдастырушылар – Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ.
Салтанатты түрде орындалған Мемлекеттік әнұраннан соң облыстық ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы, облыстық және қалалық БАҚ тілшілері қатысуымен өткен іс-шараның модераторы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Махсұдқызы күн тәртібінде белгіленген мәселелерге тоқталып өтті.
Күн тәртібіндегі аталған мәселелер бойынша ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы, «Жамбыл облысының өзбек этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің басқарма мүшесі – Миражапова Мухаббат Сайдуллақызы
«Қазақстан Республикасының Конституциясы – еркіндік, теңдік және бостандық мұраттарын ұстану» тақырыбында сөз сөйлеп, Конституциямыздың ерекше тұстарын атап өтті. Келесі кезекте «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы» төрағасының орынбасары – Зуфаров Ибрагим Хуршудұлы Ата заңымыз – Конституцияның біздің өміріміздегі маңыздылығы жөнінде баяндама жасап, Қазақстан конституциясына сәйкес қазақстандықтардың ұлтына, тіліне, дініне шектеу қойылмай, құқықтары тең дәрежеде қаралатындығы, кез-келген Қазақстандағы этнос өз салт-дәстүрлерін ұстануға, көпшілік назарына ұсынуға құқылы екенін қуантатыны жайлы ой-пікірін ортаға салды. «Және әрбір қазақстандық азамат конституцияда көрсетілген заңға сәйкес әрекет етсе, Қазақстанның болашағы жарқын болары анық. «Ахыска» этномәдени бірлестігі еліміздің Ата заңына толық арқа сүйеп, медет тұтамыз» – деп сөзін түйіндеді.
Жиын соңында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Махсұдқызы іс-шараға қатысқан этномәдени бірлестіктердің аға буыны мен жастарын Конституция күнімен құттықтады.