«Тәуелсіздікке 30 жыл: бейбітшілік пен тұрақтылық кепілі»
Ағымдағы жылдың 28-маусымында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Тәуелсіздікке 30 жыл: бейбітшілік пен тұрақтылық кепілі» ХХІV сессиясы өтеді.
Іс-шараның мақсаты: Этносаралық келісім мен қоғамдағы бірлікті одан әрі нығайту үшін облыс ҚХА-ның мемлекеттік органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.