ТҮРІК АНАЛАР КЕҢЕСІ ӨЗ ДӘСТҮРІН ЖАҢҒЫРТУДА
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Жамбыл облысының «Анаға тағзым» орталығында Түрік Аналар кеңесі өз дәстүрлерін дәріптеді.
Роза Индоевнаның жетекшілігімен «АХЫСКА» түрік этномәдени орталығы өзінің ұлттық бас киім «КАТХА» үлгілерін, ұзатылатын бойжеткен қызды ұзату, беташар бойынша киіндіру үрдісін айрықша көрсетті.
Сонымен қатар ұлттық түрік тәттілерін атап айтқанда «Шекерляма», «Семит», «Сенор», «Базлама», «Хачапур», «Катмер», «Баклава» т.б ұсынды.
Шараның ерекшелігі – ұмытылып бара жатқан ұлттық киім дәстүрін жаңғыртушы шеберлер мектебімен таныстыру.
Айта кетейік, «Анаға тағзым» орталығының психолог маманы Жанар Дүкенбайқызы отбасыларға психологиялық тегін көмектің бар екендігін айта кетті.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі