Шу және Т.Рысқұлов аудандарында ғылыми-әдістемелік коучинг өтті
Ағымдағы жылы Шу ауданының Төле би және Т.Рысқұлов ауданының Каменка ауылдарында«Қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының этномәдени құзыреттілік және құқықтық сауаттылығын көтеру бойынша жұмыстар жүргізу» тақырыбында ғылыми-әдістемелік коучинг өткізілді.
Коучингтің негізгі мақсаты болып жас ұрпақты құқықтық сауаттылық пен этномәдени құзыреттіліктерін дамыту, қоғамдық бірлестіктермен және жастар ұйымдарымен жұмыс істеуде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында, белгіленген міндеттер мен қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру технологиялары бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру.
Іс-шараға этносаралық және конфессияаралық қатынастар мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік қызметкерлер, дін істері, тілдерді дамыту басқармаларының мамандары, «Жастар ресурстық орталықтары» қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің жастары, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.
Коучинг барысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесініңғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы Альбина Тапаева «Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаты: қазіргі міндеттері және жүзеге асыру тетіктері» тақырыбында баяндама жасап,Қазақстанның қазіргі дамуы кезеңінде әлеуметтік-мәдени құндылықтардың трансформациялануын түсіндіру міндеттері, сонымен қатар ұлттық код және қоғамдық сананың негізгі ұғымдарына талдау жасап өтті.
Жиында Асқар Қадырқұлов М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Азаматтық және азаматтық процессуалдық құқық» кафедрасының аға оқытушысы, құқық магистрі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Қазақстан Республикасында азаматтық бірегейліктің құқықтық негіздеріне тоқталды. Жастар ұйымдарының қызметі жөнінде тәжірибе және пікір алмасу өтті, мемлекеттік қызметтің негізгі мақсаттары, міндеттері және функциялары талқыланды.
Коучингсоңы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «Философия және толеранттылық» кафедрасының меңгерушісі,Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты Гульгина Гизатуллинаныңтренингімен аяқталды. Іс-шарада облыс аймақтарындағы этноконфессионалды жағдайдыталқылау, тіларалық түсіністік пен тұрақтылықты арттыру сияқты мәселелер көтерілді.
Жамбыл облысы әкімі аппартының
«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз қызметі