2

Достық үйінде Жамбыл облыстық «Шиват Цион» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігі «Песах» мейрамын тойлады.

Тарихи маңызы зор, моральдық-адамгершілік және философиялық мағынасы тереңде жатқан Пасханы мейрамын (Седере) тойлауға Тараз қаласының еврей қоғамдық бірлестігінің мүшелері мен қонақтары, К.Сарымолдаев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілері, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшылары мен қызметкерлері қатысты. Жиын осыдан 3220 жыл бұрын Моше (Ұстаз) бастаған евре й халқының 210 жыл бойы құлдықта өмір сүрген Мысыр елінен Эрец Исраэль (Израиль жері) барған Ұлы Шығысты Агаданың баяндамасымен басталды. Мейрамның ресми бөлімінде мейрам тарихы мен маңыздылығын «Шиват Цион» қоғамдық бірлестігінің ақсақалдар кеңесінің төрағасы Михаил Бунин айтып берді.

Еврей халықтарының Мысырдан азаттанған Ұлы Шығыс және оның сабағы, маңыздылығы ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа тарап келеді. Песах мейрамын тойлау Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың басылым беттерін жарық көрген «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа жолдауының жалғасы болып табылатын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласымен сәйкес келді. Басқосуға қатысушылар Елбасының бұл мақаласын да талқылады.

Кеш аяқталарда Пасха Седерінің қатысушыларына Шиват Цион» этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Людмила Корнилина мен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева жылы лебіздерін білдірді.