“Шиват Цион”
2023 жылдың 7 сәуірінде Тараз қалалық “Шиват Цион ” Еврей қауымдастығы еврейлердің Мысыр құлдығынан тарихи көшуін бейнелейтін ежелгі Песах мерекесін атап өтті. Бұл оқиға шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 13 ғасырда орын алған. Мерекені атап өту барысында Тараз қаласындағы еврей қауымының ақсақалы Михайл Бунин оқиғаның шығу тарихына, ол туралы көптеген деректерге тоқталып, маңызын аша түсті.
Құтқарылу мейрамы еврей Нисан айының 15-ші күнінен басталады (наурыздың аяғында немесе сәуір айының басында Григорий күнтізбесінде).Бұл еврей күнтізбесіндегі библиялық жылдың бірінші айы, Григориан есептеулерінің наурыз-сәуір айларына сәйкес келеді. Құтқарылу мейрамы-бейбітшіліктің жаңаруын және адамның азат етілуін бейнелейтін бостандық пен қадір-қасиетке ие болу мерекесі болып саналады.
Мерекелік үстел Киара деп аталатын тағаммен безендірілген. Бұл тағамның құрамында жұмыртқа, тауықтың аяғы,ащы шөптер мен желкек бар. Сондай-ақ, ақжелкен жапырақтары батырылған тұзды суы бар ыдыстар қойылған. Мұның барлығы да мерекені атап өтуге байланысты қойылған тағам түрлері деуге болады.
«Қоғамдық келісім» КММ
Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі