РУХАНИ КЕЛІСІМ – БЕЙБІТШІЛІК НЕГІЗІ
Биылғы жылдың 9 қазанында Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық кітапханасында, 18 қазан – Рухани келісім күніне орай, кітапхананың тұрақты оқырмандары мен «Парасат» колледжінің студенттеріне ұйымдастырылған
«Сенім шындығы-рухани келісім» атты тақырыпта іс-шара өтті.
Іс-шараға «Қоғамдық келісім» мекемесінің «Ғылыми-сараптамалық қолдау» бөлімінің жетекші сарапшысы Жазира Шілдебаева қатысып, рухани келісім, бейбітшілік негіздері жайлы сөз сөйледі.
Нақтырақ айтқанда, жастарға, оның ішінде бейбітшілік, бірегейлік, ұлттық құндылықтарымыздың тек бірліктен құралатындығын тілге тиек етті.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі