РИЗАШЫЛЫҚ- МЕЙІРІМДІЛІК БҰЛАҒЫ
Бүгін «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Қоржын» акциясы аясында №2 Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қарттарына арналған «Ризашылық- мейірімділік бұлағы» атты қайырымдылық концерті өтті.
Адамның адамға құрмет көрсетіп, алғысын білдіретін, бір-біріне деген риясыз көңілдерін көрсететін, құлпырып жайнаған көктемнің алғашқы мерекесі – Алғыс айту күніне арналған қоғамдық келісім мен тұрақтылыққа үндейтін түрлі форматтағы жиындар легі жалғасуда.
Іс-шаралардың басты мақсаты – еліміздегі түрлі этнос өкілдерін мейірімділікке, достық пен ризашылыққа, ынтымаққа азаматтардың бір- біріне деген сүйіспеншілігі секілді адами құндылықтарды қоғамда ілгерілету арқылы қазақстандық бірегейлік пен халық бірлігін дамыту және нығайту болып табылады.
Еліміздегі тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған, бейбітшілік пен келісім саясатының салтанат құрған күніне орай өткізілген кешке Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің өнерлі өкілдері қатысты. Олардың қатарында «Жамбыл облыстық гректер қоғамы», «Әулие Ата» қазақ мәдени орталығы», «Немістер қоғамы», «Ахыска» түрік этномәдени бірлестіктері бар.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі