Рамазан – игі істер айы
Рамазан айында Жамбыл облысы «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі шаһардағы аз қамтылған және көпбалалы 40 отбасыға азық – түлікпен көмек көрсетті. Қиын сәтте өзгенің жүгін жеңілдетіп, пана болу адамгершілік қасиеттің асылы. Акция ұйымдастырушылары аз қамтылған отбасылар мен көмекке зәру жандарға қолда барымен бөлісті. Қайырымдылықтың жалпы соммасы 400 000 теңгені құраған. Он екі айдың сұлтаны болған қасиетті рамазанда жасаған амалдарыңыз бен ізгі ниеттеріңіз қабыл болғай!
Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі
саясат басқармасының “Қоғамдық келісім”
КММ Баспасөз қызметі орталығы