”ОРДАБАСЫМЕН” АЛҒЫС

Бүгін, дәл қазіргі уақытта «Алғыс айту» күніне орай, Тараз қаласының «Тараз-арена» спорттық кешенінде ҚР Спорт қайраткері, ҚХА мүшесі, облыстық «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени бірлестігінің белсендісі Руслан Исмазовтың бастамасымен «Ордабасы» және «Таэквондо-WT» командалық ойындары Қазақстандық федерациясының облыстық ашық турнирі өтіп жатыр.

Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар арасында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева да қатысып, шараның ашылу салтанатында сөз сөйледі.

Мубарак Қасымқызы сайыста бақ сынасатын жас спортшы қатысушыларды атаулы мейраммен құттықтап, алдағы жарыстарына сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

Таңғы 9.00.-ден басталған ауқымды спорттық шарада түрлі ойын сайыстары, аталмыш командалардың ойын түрлері және өңірлік турнирдің ашылу салтанаты өтті.

Бұдан соң командалардың жарысу ойындары, финал, жартылай финалдарға жалғасып, сондай-ақ қатысушы спортшыларды марапаттау рәсімі де өткізіледі.

Өңірлік ҚХА өткізетін іс-шаралардың белсенді қатысушысы, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Руслан Бакирұлы әзірлеген және құрастырған «Ордабасы» командалық ойыны балалар мен жастарды патриоттық рухта тәрбиелеуге бағытталған және олардың бойында өз елінің ар-намысын қорғауда батылдық пен жігерлік қвсиеттерін дамытады.

Сайыс кезінде ойыншылар ережелерді бұзбауға тырысып, өз аумақтарын қорғаштауды қатты қадағалауда ұстады. Эмоциялар мен толқулар шамадан тыс болды.

Әр команда өз шекараларын сақтап қана қоймай, қорғанысты бұзып, қарсыластың туын басып алуға және сол арқылы жеңіске жетуге тырысып, шабуылдарға жиі жол берді.

Спорттық сайыстар ертең де жалғасын табады.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі