МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ
Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында Жамбыл облыстық Немістер қоғамы 9 наурыз күні Достық үйінде мерекелік іс-шара ұйымдастырды.
Концерттік бағдарламамен өрілген кеш аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясының әйелдер қауымына, көпбалалы аналарға, әжелерге және отбасы құндылықтарын нығайту мен қоғамдағы үйлесімділікке елеулі үлес қосып жүрген барлық әйелдерге арналды.
Концерт барысында әйелдердің мейірімділігі мен парасаты, сұлулығы мен даналығы, олардың өмірдегі орны мен маңызы ерекше атап өтілді. Аталмыш қауымдастық өнерпаздарының ерекше қойылымдары мен жүрекке жылы құттықтаулары ұсынылып, әуезді әндер мен билер орындалды. Қонақтар тарапынан да құттықтау сөздері айтылып, әйелдерге деген құрмет көрсетілді.
«Singende Herzen», «Juwelband», «Эремурус», «Ювель» вокалды-хореграфиялық талантты топтардың орындауындағы «Бабушка и внучка», «Көктем вальсі», «В лунном сеянии», «Bedingungslos» секілді нөмірлер орындалып, көпшіліктен қошемет тапты.