3

Жарты жылдың көлемінде жиырмаға жуық өңірлік этномәдени бірлестіктер және олардың жетекшілері мен белсенділері, қоғамдық келісім кеңесінің мүшелері, ақсақалдар кеңесіне арналған Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің медиация кабинеті мен «Бітімгер» медиация және құқық орталығымен бірлескен семинар-тренинг өткізілді. Жиналғандардың айтуынша, қоғамдық жұмыс кезінде тұрмыстық, еңбек, мүліктік қарым-қатынастардан туындайтын қақтығыстар, шиеленістер мен дауларды көптеп шешуге тура келеді. Осы тұрғыда медиацияны теория мен тәжірбие жағынан оқып-білу аймақтық Қазақстан халқы ассамблеясының белсенділерін кәсібилігін ұлғайтады.

Міне, бұл – соңғы жұмыстар. «Қоғамдық келісім» КММ кабинетінде «Медиация тыңдаушыларының құзыреттілігін дамыту және келешектегі дамуы» атты оқу циклі бағдарламасының кеңестік-әдістемеліктің соңғы кездесуі өтті. Жетекші, медиатор-жаттықтырушысы, «Бітімгер» облыстық медиатор және құқық орталығының басшысы Лариса Сафонова қатысушыларды оқуды сәтті аяқтап, әлеуметтік медиаторлар қатарына қосылғандарымен құттықтады. Өз сөзінде Лариса Владимировна: «Барлық жаңа бастамалар сияқты, медиация да өзіне жол ашып келеді. ТМД ауқымында қабылданған Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңы жетілдіру үстінде, бірақ тәжірбие көрсеткендей, кәсіби медиаторларға, қоғаммен біріге отырып толықтырулар енгізуіміз қажет» – деді. Кездесудегі басты назар дауласқан тұтынушылармен жұмыс шеберлігіне тоқталды.

«Қоғамдық келісім» КММ медиторлармен жұмыс менеджері Валентина Досыбиева кездесу қатысушыларына әлеуметтік медиатор сертификаты мен жаңа топтың айырылмас кітабы болатын «Медиация: альтернативные способы разрешения конфликтов» атты анықтамалығын тарту етті.