МЕДЕТБЕК АҚСАҚАЛ – «БАТАГӨЙ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
Бата – халық қазынасы. «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ел көгерер» деп дана қазақ тегін айтпаған. Бата беру дәстүрі арқылы ұрпақты адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеуде қазыналы қариялардың алар орны ерек.
Өскелең ұрпаққа игі дәстүрді дәріптеуді мақсат еткен Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі Алматы облысында республикалық «Батагөй» байқауын ұйымдастырды.
Аталған сайысқа Жамбыл облысынан өңірлік ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Медетбек Сейітқазы қатысып, барлық кезең бойынша жоғары нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, ұлттық салт-дәстүр мен батаның тәрбиелік мәнін насихаттауда қатысушылар «Баталы елге бақ қонар!», «Бата алғанның – бағы артар», «Ата сөзі – бата сөзі» деп аталған үш кезең бойынша бақ сынады