ІСКЕРЛІК ЖӘНЕ МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСТАР НЫҒАЙТЫЛУДА

Татарстан Республикасының ҚР өкілетті өкілі Денис Валеевпен маңызды
кездесулер өтті.
Жақында Жамбыл облысының әкімі, өңірлік ҚХА төрағасы Ербол
Қарашөкеев Татарстан Республикасының ҚР өкілетті өкілі Денис Валеевті
қабылдады.
Тараптар екі өңірдің өнеркәсіптік және инвестициялық әлеуетінің негізгі
аспектілерін талқылады. Өзара тиімді ынтымақтастыққа геологиялық барлау,
минералды ресурстарды өңдеу, ақпараттық технологиялар, ауыл
шаруашылығы кіреді.
Іс-шара барысында өңір басшысы Ербол Қарашөкеев іскерлік делегациямен
Татарстан Республикасына жұмыстың перспективалық бағыттарын жан-
жақты зерделеп, қарым-қатынас орнату үшін арнайы шақыру алды.
Өз кезегінде Е.Қарашөкеев те Татарстан Республикасының делегациясын
биылғы жылы бүкіл Еуразиялық континенттің қолөнершілері мен
аграрларын жыл сайынғы сауда іс-шарасы — «Достастық жәрмеңкесіне»
қатысуға үндеді.
Сондай-ақ, Татарстан Республикасының Қазақстандағы өкілі Денис Валеев
«Қазақстандық Татар және башқұрт конгресі» РҚБ активі және «Айнұры»
Татар-башқұрт мәдени орталығының төрағасы Амир Халиковпен де кездесті.
Кездесуде татар тілін үйрену және Татарстандық өнерпаз әртістердің
«Сабантуй» ұлттық мерекесіне келуі мәселелері де көтерілді.