Этномәдени құзыреттілік пен құқықтық сауаттылықты арттыру

       «Қоғамдық бірлестіктер мен жастар ұйымдарының этномәдени құзыреттілік және құқықтық сауаттылығының көтеру бойынша жұмыстар жүргізу» тақырыбында Сарысу ауданында ғылыми-әдістемелік коучинг өтті.

      Аталмыш коучингті Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми сараптамалық қолдау бөлімі ұйымдастырды.

       Коучингтің басты мақсаты жас ұрпақты құқықтық сауаттылық пен этномәдени құзыреттіліктерін дамыту, қоғамдық бірлестіктермен және жастар ұйымдарымен жұмыс істеу. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында, белгіленген міндеттер мен қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру технологиялары бойынша тыңдаушылардың кәсіби білімі мен біліктілік деңгейін арттыру.

        Шараға этносаралық және конфессияаралық қатынастар, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясат мәселелерімен айналысатын мемлекеттік қызметкерлер, дін істері, тілдерді дамыту басқармаларының мамандары, «Жастар ресурстық орталықтары» қызметкерлер, этномәдени бірлестіктердің жастары, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.

       Коучинг барысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бас сарапшысы Тапаева Альбина Маратовна «Қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаты:қазіргі міндеттері және жүзеге асыру тетіктері» тақырыбында өз баяндамасын жасады. Мұндағы басты міндет Қазақстанның қазіргі дамуы кезеңінде әлеуметтік-мәдени құндылықтардың трансформациялануын түсіндіру, Ұлттық код және қоғамдық сана ұғымдарын талдау және талқылау болып табылады.

        Жиында барысында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Конституциялық және халықаралық құқық» кафедрасының аға оқытушы, құқық магистрі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Қадырқұлов Асқар Жақсылықұлы Қазақстан Республикасында жалпы азаматтық сәйкестіктің құқықтық негіздеріне тоқталды. Сөз арасында жастар ұйымдарының қызметі жөнінде тәжірибе және пікір алмасу, мемлекеттік қызметтің негізгі мақсаттарын, міндеттерін және функцияларын талқылады.

         Коучинг соңы Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің «философия және толерантность» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі, философия ғылымдарының кандидаты Гизатуллина Гульгина Алимжанқызының «Қоғам бірігіуіндегі тіларалық байланыс рөлі» баяндамасымен аяқталды. Мұнда облыс аймақтарындағы этноконфессионалды жағдайды реттеу, тіларалық түсіністік пен тұрақтылықты арттыру секілді бірқатар мәселлер қозғалды. 

 

Жамбыл облысы әкімі аппраты

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз бөлімі