Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!
Ағымдағы жылдың алтыншы мамырында облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және «Aibyn» әскери-патриоттық клубының белсенді жастары жеңіс күні қарсаңында Жамбыл облысы Тараз қаласында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып құттықтап қайтты.
Белсенді жастар бірінші Тараз қаласы, Сатпаев көшесінің тұрғыны Иванов Геннадий Ивановичтің шаңырағына барды. 1926 жылы дүниеге келген ардагер қазір 93 жаста. Жасының қарттығына қарамастан жастарды өзі қарсы алып, батасын беріп, соғыстағы жеңісі туралы әсері әңгімесімен бөлісті.
Жастардың келесі аялдаған ардагері Тараз қаласы, Пушкин көшеснің тұрғыны Жанәлі Мұрат Елубайұлы. Ардагер 1926 жылы туылған. Қазір 93 жаста. Бүгінде бір ғасырға жуық жасты алқымдаған ардагер жалынды жастарды ұрпақтарымен құшақ жая қарсы алып оларға бата, тілектерін айтты.
Жастардыңодан ары бетке алған бағыты қаламыздағы Абай көшесініңбойына қоныстанған, ардагер Нещеретнев Григорий Владимиривичтің шаңырағы болды. Ардагер 1921 жылы туылған. Қазір 98 жаста. Майдангер белсенді жастарды есік алдынан өзі қарсы алып, төрінен орын берді. Оларға өз өмірінің өнегелі жолдарымен таныытырып, соғыс даласы туралы айтып, жастар бойындағы Отанға деген құрметін еселей түсті.
Белсенді жастар ардагерлерге арналған құттықтауын ары қарай жалғастырып Пушкин көшесінде орналасқан ардагер Бужуков Мухан Толыбаевичтің шаңырағына табан тіреді. Майдангер 1926 жылы туылған. Келген жастарға өз ақыл парасатын айтып, майданда жүрген жылдардағы жасаған ерліктерімен бөлісті. Естелік суреттерін көрсетті.
Жастар үйлеріне барған барлық ардагерлерді Ұлы Отан соғының жеңісімен құттықтап сый-сияпаттар табыс етті. «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының өңірлік штабының жетекшісі Хамида Турдыеваның айтуынша бұл облыстық ассамблея жастарының дәстүрге айналған шараларының бірегейі екен.
Сондай-ақ, жастар жетекшісі «Қарты бар елдің қазынасы бар деген. Жалпы жастар қайырымдылық жұмыстарына, қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысуға қашанда дайын. Біз тек осындай мейрам, мерекелерде ғана емес қарапайым күндеріде қолдан келгекөмектерімізді аямаймыз. Ал бүгінгі шара жылдан-жылға жалғасын тауып келе жатқан игі істеріміздің бірі. Алдағы уақытта мұндай шаралар өте көп болатын болады. Мереке құтты болсын!» – дейді.
Жеңіс күніне арналған ардагерлерді құттықтау шарасының соңы майдангерлермен естелік суреттерге түсумен аяқталды.
Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі