ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ОБЛЫСТЫҚ КАЛЛИГРАФИЯ КӨРМЕСІ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Халықаралық ана тілі күніне орай, Достық
үйінде «Ана тілің алпыс тілге татиды» атты облыстық каллиграфия көрмесі
өтті.
Іс-шараға этномәдени бірлестік өкілдері, облыс суретшілері ҚХА жанынан
құрылған қолөнер шеберлері, музей қызметкерлері, «Қоғамдық келісім»
мекемесінің қызметкерлері қатысты.
Көрмеге облыс суретшілерінің 25 қолжазба-еңбектері қойылды.
Шараның ашылу салтанатында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак
Жинақбаева, белгілі журналист, суретші, өңірлік ҚХА Журналистер
клубының мүшесі, Жамбыл облысының «Коре» корейлер қауымдастығының
өкілі Михаил Те және «Полонез» Поляк тілі және мәдениеті» орталығының
белсендісі, суретші Вера Майкович сөз сөйледі.
Сондай-ақ, келген қонақтар әртүрлі тілде өз қолтаңбаларын қағазға жазып
қалдырды.
Іс-шара соңында мекеме басшысы Мубарак Қасымқызы көрме
қатысушыларын Алғыс хаттармен марапаттады.



