«DATÜB» қоғамдық бірлестігі өкілдерімен кездесу өтті
Ағымдағы жылдың жиырмасыншы шілдесінде Достық үйінде «DATÜB» халықаралық ҚБ белсенділері Жамбыл облысында тұратын түрік этносының өкілдерімен кездесті.
Іс-шараға төраға Махмутжон Давришев бастаған «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалының өкілдері, «DATÜB» халықаралық ҚБ басшылығы мен белсенділері, осы ұйымның төрағасы Зиятдин Кассанов қатысты.
Кездесу барысында қатысушылар көші-қонға, азаматтыққа, білім алуға қатысты сұрақтар қойып, оларға толыққанды жауаптар берілді.
«DATÜB» халықаралық қоғамдық ұйымының мақсаттарының бірі өзекті мәселелерді бірлесіп шешу, өзара көмек көрсету, жан – жақты қолдау бар екенін атап өткен жөн. Аталған ұйым және «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалы Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі Дуниядар Абдуллаевқа «Амбулаториялық гемодиализдегі науқастың үстел үсті кітабы» авторлық туындысын шығаруға көмектесті. Автор көрсетілген көмек пен қолдау үшін алғысын білдірді.
Іс-шара барысында «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» республикалық ҚБ Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Махмутжон Давришевке Жамбыл облысы әкімінің атынан алғыс хат табысталды.
Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Мамедова қонақтарға белсенді жұмысы үшін алғыс айтып, сый-сияпаттар табыс етті.
Іс-шара естелік фотосессиямен аяқталды.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы