Болашақ біздің қолымызда
Бүгін мен үшін ерекше күн, қос мереке! Мемлекет басшысы Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев Парламенті палаталарының бірлескен отырысында жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын жариялады және Білім күні .
Бұл – Мемлекет басшысының үшінші жолдауы.
Мемлекет басшысының сөзін бір жарым сағаттан астам уақыт тыңдадым. Кезекті Жолдауын тыңдай отырып, мазмұнның өзектілігі мен айтылып жатқанның уақытылы екендігіне таң қаласың. Ол елдің жаңа кезеңдегі одан әрі дамуының көзқарасын айқындайды.
Президент мемлекет пен барлық қазақстандықтар үшін көптеген маңызды мәселелерді көтерді. Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа экономикалық бағыттың 7 негізгі принципін атады.
Мұғалім ретінде ел баскарушысының қол жетімді және сапалы білім берудің маңыздылығы туралы сөздері маған қатты әсер етті. Мемлекет басшысына ризашылығымды білдіргім келеді, өйткені бұрын-соңды болмаған мұғалімдік мамандықтың мұндай жоғары мәртебесі болмаған. Мемлекет мұғалімдерді қолдау саясатын жалғастырады. “Мұғалімдердің біліміне 1,2 триллион теңге бөлінеді”- деді Президент. Әрине, біз мұғалімдер Отанымыздың игілігі мен Қазақстанның жарқын болашағы үшін жұмысты жалғастырамыз, сенімді ақтаймыз. «Балалар үйірмесі” туралы қызметтерді қайта қалпына келтіруге толықтай қосыламын. Үйірмелермен балаларды қамтығанда үш мақсатқа жетеміз. Жастарымызды ұлттық қолөнерге және шығармашылыққа баулу, құқық бұзушылықтың алдын алу және денсаулықты нығайту. Сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек.
Президентіміздің тапсырмасы бойынша санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көштік. Бұл, біз үшін өте маңызды. Осы күнді барлықтарымыз асыға күттік. Балалармен араға бір жыл уакыт кетіріп табысып жатырмыз.
Мемлекет табысты еңбек етуге, бейбіт өмір сүруге барлық жағдайды жасайды, ал біз азаматтар бәсекеге қабілетті орта құру үшін барлық күш -жігерімізді салып, үнемі заманға ілесіп отыруымыз керек.
Елдің әрбір азаматы мемлекеттің дамуына, отбасылық құндылықтарды нығайтуға үлес қосуға міндетті деп есептеймін. Біз бәрін басқаша жасауға құқығымыз жоқ, өйткені мемлекет басшысы бізге үлкен үміт артады және біздің күшімізге сенеді. Болашақ біздің қолымызда!
Жамбыл облыстық «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени бірлестігінің
мүшесі, қалалық №34-мектептің директоры Динара Нуралиева