Біздің ел үшін жаңа реформалар – сөзсіз жаңа өзгерістердің, жаңа дәуірдің бастауы
Біздің ел үшін жаңа реформалар – сөзсіз жаңа өзгерістердің, жаңа дәуірдің бастауы. Бұл жаңа кезеңге қарай жасаған нық әрі батыл қадам болды. Қазақстан халқының күткені де осы болған. Президентіміз барлық саладағы тоқырау тығырыққа тірегенін айтқан болатын. Жалпы, мемлекеттің саяси-әлеуметтік жүйесіне өзгеріс көптен қажет еді. Басқару тетіктерінде де жаңа талаптар енгізу керек болды.
Мен бұл жаңашылдықты шын жүректен қолдаймын әрі елімдегі орын алып жатқан оң өзгерістер үшін өте қуаныштымын. Бұл өзгеріс бәрінен бұрын ұрпақ болашағы үшін аса маңызды деп білемін.
«Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің Мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеу¬меттік-экономикалық өзге¬ріс жасау мүмкін емес. Бұл – анық нәрсе», деді Президент. Мемлекет басшысының бұл сөздері мені қанаттандырды. Жаңа белестерді бағындыруыма күш сыйлады.
Біздің күшіміз бірлікте!
Зайнутдин Махусеев, Дүнген республикалық этномәдени орталығының төрағасы