Біз бейбітшілік пен келісімнің салтанат құрған құтты мекеннің халқымыз
Біз бейбітшілік пен келісімнің салтанат құрған құтты мекеннің халқымыз. Ел тарихында талай нәубеттер, талай зұлматтар өтті. Сонда да Тәуелсіз ел атанып, оны көздің қарашығындай сақтап келеміз. Алдағы уақыттада бұл игі дәстүр жалғасын табады деп сенемін. Ең бастысы ел іргесі сөгілмесін деп тілейік. Ынтымақ бар жерде ырыс пен береке ұялайтыны рас.
Жақында президентіміз өз жолдауын жолдады. Бұл халықтың көптен күткені еді. Олда ақырын аяңдап жақындап келеді. Жалпы жолдау – стратегиялық құжат болып табылады. Аталған жолдаудағы міндеттерді жүзеге асыру мемлекетіміздің көкжиегін кеңейтеді, болашағын нұрлы етеді. Ел дамуы үшін жасалынып жатқан нақты жұмыстар бүгінде жұртшылықтың көңілінен шығуда. Мемлекет басшысының бастамаларын толық қолдай отырып, бұл жолдау бүкіл халық үшін қуатты жұмылдырушы бастама болатынына сенімдімін. Бүгінгі жолдаудың міндеттерін іске асыру Қазақстан дамуындағы ауқымды серпіліс үшін мүмкіндік болады деп ойлаймын.Заң Жолдауда өзгерісті өзімізден бастауымыз керек, әрбір адам жаңғыруы керек және негізгі байлығымыз – еліміздің тәуелсіздігін қорғап, әлемдік ынтымақтастық алдында батыл, заңды реформалар жасауымыз қажет екені айтылды. Өз кезегімізде талантты, еңбекқор, бақытты өмір сүретін мемлекет болуын қалайтынымыз – Мемлекет басшысымен бірге ұштасып жатқан осы бір құндылықтарды алып жүретін сіз бен бізге деген үміт. Біз мемлекетімізбен бірге өркендеуіміз керек. Қазақстанның тұғыры биік болуы тиіс.
Жалел Аббосов, Жамбыл облысы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары