БАЛАЛЫҚ ШАҚТЫҢ МЕРЕКЕСІ

Бала – өмірдің жалғасы. Әрбір бала бақытты болуға лайық. Балаға бақыт сыйлау әр ата-ананың міндеті болса, жетім балаларға қамқорлық көрсету барша азаматтың парызы.

1 маусым – Балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар онкүндігіне Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің, облыстық ҚХА құрылымдарының өкілдері қатысуда.

Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері балаларға арналған іс-шаралар ұйымдастыруда.Әрбір этномәдени бірлестіктің аналары балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне, қиын өмірлік жағдайға тап болған бүлдіршіндерге (бұрынғы балалар үйі), балабақшаларға, мектептерге, мамандандырылған емханаға қарасты ерекше бүлдіршіндерге барып, құттықтап қайтты.

Бір ғана ата-анамен үйде отырған жетім балалар да назардан тыс қалмады.

Мәселен, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Гродиководағы «Барбанг» Күрділер орталығының Аналар кеңесінің төрайымы Айша Карахметоглының бастамасымен жетім балаларға сыйлық берілді.

Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі