БАЛАЛАР БАР БАҚЫТҚА ЛАЙЫҚ
Жаңа жылда қайырымдылық іс-шараларын өткізу Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктері үшін игілікті дәстүрге айналған.
2023 жылғы 30-желтоқсанда Тараз қаласында, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне арналып, «Grand Royal» мейрамханасында дәстүрлі жаңа жылдық қайырымдылық мерекесі өтті.
Оны Жамбыл облыстық «Ахыска» Түрік этномәдени орталығы ҚБ ұйымдастырды.
Қайырымдылық акциясына қиын өмірлік жағдайдағы балаларға қолдау көрсету орталығының (бұрынғы Қ.Сарымолдаев атындағы балалар үйі) 96 тәрбиеленушісі және 50 мүмкіндігі шектеулі бала қатысты.
Аталған мейрамханада жас қонақтар үшін Аяз Ата мен Ақшақардың қатысуымен жарқын және қызықты ойындарға толы бағдарлама дайындалды.
Сонымен қатар, мерекеге келгендер би билеп, ән айтып, тақпақ айтты. Мерекелік іс-шара мол дастарханға ұласты.
Іс-шара соңында балаларға жаңа жылдық сыйлықтар таратылды.
«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі