БАЛАЛАРҒА МЕРЕКЕЛІК КӨҢІЛ-КҮЙ СЫЙЛАДЫ

Жаңа жыл мерекесінде қайырымдылық шараларын өткізу арқылы балаларға қуаныш сыйлап жүргендердің қатарында Жамбыл облысы ҚХА этномәдени бірлестіктерінің өкілдері де бар.

Мереке қарсаңында «Вынхуа» Жамбыл облысы Дүнген мәдени орталықтары қауымдастығының және Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдени орталығының өкілдері балаларға мерекелік жаңажылдық көңіл-күй сыйлады.

Қордай ауданы, Сортөбе ауылында Жамбыл облысының «Вынхуа» Дүнген мәдени орталықтары қауымдастығының өкілдері мен жастар қайырымдылық шарасына атсалысты. Шара барысында жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға, сондай-ақ көп балалы отбасылардан шыққан балаларға сыйлықтар табыс етілді, атап айтсақ, қысқы күртешелер, сөмкелер және т.б.

Сондай ақ, Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында да балалар шыршасы өтті. Балаларға арналған жаңа жылдық шыршаны өткізуге Республикалық Дүнгендер этномәдени бірлестігінің төрағасы Зайнуддин Махусеев, Жамбыл ауданының Құрметті азаматы Сәпілмәлік Тәжиев, Полатқосшы ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Абдухалил Маюфи және басқалар белсене қатысты.

Ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен өткен қызықты жаңа жылдық қойылым балаларға ерекше әсер қалдырды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі