Бала бақытынан асқан не бар?

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің мұрындық болуымен «Ізгілік айы» қайырымдылық шаралар легі жалғасуда. Соның бірі бүгін Достық үйінде осал топтар, әлеуметтік жағдайы аз қамттылған, көп балалы және әлі күнге дейін құжаттары рәсімделмеген отбасылардың балаларына арналған қайырымдылық акциясы өтті.

Қасиетті айдағы қайырлы іске Еуразиялық экономикалық одақ, «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы және Біріккен ұлттар ұйымының балалар қоры (ЮНИСЕФ) қолдау білдірді.

Балалардың жағдайына алаңдаған облыстық ассамблеяның Аналар кеңесінің өкілі Лола Давлатова жоғарыда аталған қайырымдылық ұйымдарына хабарласып көмек қолын созуды сұраған.

Акция аясында 44 балаға оқу-құралдары, жеке гигиенелық заттарға толы күнделікті мектепке және спорттық киімге арналған қос сөмкелер таратылды.  Сонымен қатар, «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы балалар мен ата-аналарының құжаттарының рәсімделуіне де өз көмектерін беретіндерін тілге тиек етті. Қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға барлығы 200 мың теңге жұмсалған. «Ізгілік айы» атты қайырымдылық шаралар легі рамазан айының соңына дейін жалғасатын болады.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз орталығы