БАЙЗАҚ АУДАНЫ ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Жамбыл облысы ІСБ әкімдігі «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Байзақ ауданы жастарымен кездесу өтті.
Жиында медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиева Қазақстандық қоғамда достық пен бірліктің дәстүрлі құндылықтарын насихаттау, этномедиация институтын этносаралық ортадағы жанжалды көріністерден бас тартуға бағытталған әлеуметтік көзқарастар туралы сөз қозғады.
Жастармен кездесу кезінде ерекше атап өтілуі тиіс тағы бір жайт құқық бұзушылықтар үшін заңды жауапкершілік мәселесі. Аталған жағдай орын алмау үшін қолданыстағы құқықтық нормалар түсіндіріліп, жас буынға Заң мен тәртіпті сақтау керектігі тапсырылды.
Сондай-ақ, жиында «Ассамблея Жастары» РҚБ арқылы этникалық жастармен жұмысты жандандыру, мемлекеттік тілдің этносаралық коммуникация тілі ретіндегі қоғамдық маңыздылығы, Кұрылтайда көтерілген діни радикализмге жол бермеу сынды мәселелер де басты назарда болды. Аталған ауқымды тақырыптар аясында облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілханов және «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкері Рахат Ерханұлы кеңінен тоқталды.
Жиында этносаралық шиеленісті талдау және олардың алдын алу шараларын әзірлеу үшін респонденттерден мазмұнды ақпарат алу мақсатында облыстық ҚХА ҒСТ жастар арасында сараптамалық сауалнама жүргізді.