Бүгінгі ҚХА кеңейтілген отырысындағы өзекті мәселелер бұрынғыдан өзгеше қарастырылды.
“Этносаралық қатынастарға қатысты проблемаларды шешпеске болмайды”, – деді Президент Қ.Тоқаев. Президенттің айтуынша, еліміздің ауылдық жерлерінде және қалаларында түкпірдегі этникалық аудандар мен орамдардың пайда болуының теріс үрдісін еңсеру үшін жүйелі шаралар әзірлеу қажет. Этностардың әлеуметтік-экономикалық интеграциясы саясатын мақсатты түрде жүргізетінін және олардың қақтығыстарға ұласуын болдырмау үшін мен де қақтығыстардың алдын алу үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырамын барлық ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктерін. Ел арасын ашушы арандатушылардың әлеуметтік желіде отырып алып, ассамблея жөнінде түрлі жағымсыз пікір қалдырып, жастарға жағымсыз жақтарға итермелеп отырған “диванды сарапшыларға”, басқа да БАҚ беттерінде ассамблеяның атқаратын міндеттерінен бейхабар жандардың достық, бірлік, татулық қасиеттерімен пара пар ұғымды мазаққа немесе жеңіл ұйым деп қарайтындарға алтын сырға- “Бірлік түбі – тірлік”. Бірлесіп осы салада атсалысуға аянбай бар күшімізді саламыз. Үлкен боп болашағымыз үшін жастардың санасына өз ақыл-кеңесімізді сіңдіреміз деген үміттемін.
Жамбыл аудандық “Барбанг” күрділер қауымдастығының “Ақсақалдар кеңесінің” төрағасы, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Сабри Асанов.