Entries by Администратор

Бүгін Тараз қаласының Достық үйінде «Жамбыл облысы неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігі Пасха мейрамын атап өтті.

Іс-шараның басты мақсаты – неміс этносының  салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптеу. Сондай-ақ, шараға облыстық неміс этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелері және өзге де этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Мерекеге орай жиылғандарды  Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Иманжанқызы құттықтады.  Сонымен қатар, «Жамбыл облысы неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Александр Гибнер  мерекенің мән-мағынасын түсіндіріп, […]

Ассамблея – ынтымақтың үздік үлгісі

Қазақстандағы этносаралық келісім мен бірлікке қызмет ететін институттың сессиясы жыл сайын өтіп тұрады. Дәстүрге айналған сессия Қазақстан халқы үшін аса маңызды диалогтық алаңға айналған. Биылғы жылғы сессияда қандай шешімдер қабылданып, қандай жобалар жүзеге асатынын білуге асықпыз. Жалпы Қазақстан халқы Ассамблеясының мiндетi – халық бiрлiгiн нығайту, қазақстандық қоғамның негiзiн қалаушы құндылықтар бойынша қоғамдық келiсiмдi қолдау және […]

ХХІХ сессиядан күтер үмітім көп!

Бүгінде әлемнің қасіретіне айналған пандемия біздің елденде  іргесін аулақ салмады. Алпауыт індеттің тырнағы жанымызға батып тұрғаны рас. Алайда, бірлік бар жерде алынбайтын қамал бар ма? Ақпыз, қара, сарымыз деместен бір үйдің баласындай басымызға төнген қауіптің бұлтын сейілтуге мықтап ат салысудамыз. Бұл тек біздің емес әлем халықтарының басын біріктіріп күресуге шақыратын вирусқа қарсы соғыс. Әрине, саусақ […]

Бейбітшілік пен ынтымақтастықтың ыстық ұясы

2021 жылдың сәуірінде ел тарихында маңызды оқиға саналатын – Қазақстан халқы Ассамблеясының дәстүрлі XXIХ сессиясы өтеді. Бейбітшіліктің бірегей институты  ширек ғасырдан астам уақыт бойы көп этносты еліміздің бірлігі мен келісімінің сенімді кепілі болып келеді. Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – ҚХА төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  өткен жылғы XXVIIІ сессияда сөйлеген сөзінде: «Әлем ауыспалы болса да, тұрақты, […]

Ассамблея – ұлттардың ұйытқысы

Тәуел­сіз Қа­зақстанда этносаралық қаты­нас­тардың қазақстандық моделін қалып­тастыру – бұл тың көзқарас. Елдегі болып жатқан түрлі жағдайға қарамастан біз бірлікті сақтаймыз. Бұл үрдіс бұған дейін де еш үзілмеген. Дәл солай әрмен қарай жалғаса беретін болады. Осы тұста еш елде баламасы жоқ Қазақстан халқы Ассамблеясының атқарып отырған ісі ауқымды екенін   атап өту маңызды. Осы орайда «Біздің ортақ […]

Халықаралық театр күні

Ағымдағы жылдың наурыз айында Тараз қаласының Достық үйі ғимаратында 27 наурыз – Халықаралық театр күніне орай «Жамбыл облысы неміс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Қазақстандағы неміс театры» тақырыбында таныстырылым өтті. Іс-шараның басты мақсаты – неміс этносының  салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптеу. Сондай-ақ отырысқа  неміс этномәдени бірлестігінің мүшелері мен жастар қанаты қатысты. Этномәдени бірлестік төрағасы Александр Гибнер қатысушыларды […]

Тараз қаласында Наурыз мерекесіне және ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Жамбыл облысы ҚХА ұйымдастырған «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ, облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестік өкілдерінің ұйымдастыруымен өткен игі іске «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері атсалысты. Жомарт жандар арқылы қаламыздағы 20 ардагер мен әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға азық түлік үлестірілді. https://www.youtube.com/watch?v=QWrzPt9SmYU

Тараз қаласында «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы өтті

Ағымдағы жылдың наурыз айында Тараз қаласында Наурыз мерекесіне және ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Жамбыл облысы ҚХА ұйымдастырған «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы өтті. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ, облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестік өкілдерінің ұйымдастыруымен өткен игі іске «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері атсалысты. Іс-шараның мақсаты – әлеуметтік осал топтағы отбасылар […]

Таразда «Ырыс пен ынтымақтың мерекесі – әз Наурыз» кең көлемде аталып өтті

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз ежелден ырыс пен ынтымақтың мерекесі болып келген. Тек адамзат қана емес, табиғаттың да жасарып, бой түзейтін шағы –Ұлыстың ұлы күнінің барлығымыз үшін  жолы да, жөні де бөлек. Осыған орай, бүгін Тараз қаласының «Қазақ халқына мың алғыс» монументі орналасқан арбатында, Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуы қарсаңында, өңірлік   Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс […]

Жамбыл облыстық ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестік жетекшілерінің 2021 жылдағы Наурыз мейрамына құттықтаулары

Баршаңызға аян,  Жамбыл облысы үшін  былтырғы жылдар біз үшін оңай жыл болмады. Қордайда оқыстан болған тұрмыстық жағдайдан болған қақтығыстан қазақ пен дүнген үшін әлі де жүректе сызат бар. Жазмышқа озмыш жоқ.. Жамбыл жұртының басына қандай қиыншылық түссе де біз орыс, қазақ, өзбек деп ешқашан бөлінбегенбіз. Тәуелсіздіктің дөңгелек датасы – 30 жыл толуы алдында   халқымыздың мерейін […]