Entries by Администратор

Ассамблеяның алдағы сессиясынан күтер үмітім зор

Ассамблея – тұрақтылық пен бейбіт өмірдің мызғымас мекені, татулық пен ауызбіршіліктің берік бітімі, достық пен бауырластықтың айнымас болмысы. Ол, саналы ғұмырымыздағы ел бірлігін сақтаған және халықтар достығын ғасырларға жеткізетін бірегей институт. Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, халықтардың рухани-мәдени ортақтығы, азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде  […]

Бала бақытынан асқан не бар?

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің мұрындық болуымен «Ізгілік айы» қайырымдылық шаралар легі жалғасуда. Соның бірі бүгін Достық үйінде осал топтар, әлеуметтік жағдайы аз қамттылған, көп балалы және әлі күнге дейін құжаттары рәсімделмеген отбасылардың балаларына арналған қайырымдылық акциясы өтті. Қасиетті айдағы қайырлы іске Еуразиялық экономикалық одақ, «Сана сезім» әйелдер бастамаларының құқықтық орталығы және Біріккен […]

Ағымдағы жылдың сәуір айында Тараз қаласының Достық үйінде «Қазақстан республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚХА «Алуан түрлі қазақстандық этностарды рухани – мәдени танымал ету» атты мәдени-ағартушылық жоба аясында «Вольф Ирина. Халықтық мерекелер» атты көрме өтті.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Тараз қаласының Достық үйінде  «Қазақстан республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚХА «Алуан түрлі қазақстандық этностарды рухани – мәдени танымал ету» атты мәдени-ағартушылық жоба аясында  «Вольф Ирина. Халықтық мерекелер» атты көрме өтті. Көрменің мақсаты – Қазақстан этникалық топтарының мәдениетін халық арасында таныстыру және танымал ету, қазіргі әлемде қазақстандық мәдениетті насихаттау; отансүйгіштік пен […]

Таза қаланың тынысы кең

Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні Жамбыл облыстық ҚХА «Жаңғыру Жолы» жастар қозғалысы өңірлік штабының жастары және ассамблея еріктілері «Taza Alem» атты экологиялық сенбілік өткізді. Қаламыздағы Балуан Шолақ көшесі бойындағы «Майская роща» мәдениет және демалыс саябағында өткен сенбілік қаламыздың әсем келбетін сақтауына өзіндік үлестерін қосты. Шараға қатысушылар қоқысты жинайтын арнайы жабдықтармен, қолғаптармен және қаптармен қамтамасыз етілді. […]

Үстіміздегі жылдың 10 сәуірінде Тараз қаласындағы Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ және “Тараз қалалық өзбек орталығы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Өзбек музыкасының тарихы” атты концерт өтті.

Үстіміздегі жылдың 10 сәуірінде Тараз қаласындағы Достық үйінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы “Қоғамдық келісім” КММ және “Тараз қалалық өзбек орталығы” қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен “Өзбек музыкасының тарихы” атты концерт өтті. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылып жатқан мәдени іс-шараның негізгі мақсаты – этносаралық қатынастарды нығайту, өзбек этносының дәстүрі мен әдет-ғұрыптарын дүйім жұртқа паш ету, сондай-ақ, […]

Таразда «Ізгілік айы» акциясы басталды

Ізгіліктің исі аңқитын айлардың сұлтаны рамазан айында жыл айналып қайта келді. Қасиетті ай адам бойындағы қадірі мен қасиетін жанып, жаман әдеттерден тиылып, жарқын өмірге қадам бастыратын ең қайырлы уақыт. Қайырымдылық шараларының бастауы Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен басталды. Рамазан айының құрметіне орай, өңіріміздегі Достық үйінде «Қайырымды істер» марафоны жобасының аясында «Ізгілік айы» […]

Қоғамдық келісім кеңестерінің атқарар міндеті аз емес

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 29 сессиясы өткелі отыр. Ол қызметі мен жасап жатқан жұмысы бір-біріне ұқсамайтын, алайда, қоғамымыз үшін маңызы зор көптеген кеңестер мен орталықтарды, этномәдени бірлестіктерді біріктіріп отыр. Осынау қоғамдық институт құрылғалы бері мыңдаған келелі мәселелердің шешілуіне мұрындық болған істер өте көп. Ассамблея мемлекеттік тілді дамытуға да, медиацияны өркендетуге де, қайырымдылықты жандандыруға да, тіпті, […]

Қазақстан халқы Ассамблеясы – бейбітшіліктің алтын діңгегі

Ұзақ жылдар бойы елімізде әртүрлі этностар бейбітшілікте өмір сүруінің теңдессіз тәжірибесі жиналды және де оған әлемдегі басқа мемлекеттер қызыға да қарауда. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ еліміздегі этносаралық қатынастар мәселесі бойынша Елбасы Н.Назарбаев: «… ішкі саясаттың іргелі қағидасы ұлтаралық келісім принципі болуға тиіс. Міне, осының өзі демократиялық құқықтық мемлекет құрудағы қазақстандық жолдың және біздің дүниежүзілік қауымдастыққа енуіміздің […]

Бірлігі бекем – тірлігі көркем!

Біздің Отанымыз өз алдына Мемлекет болып қалыптасқаннан бері оның өсу жолы, жетістігі мен толайым табыстары мен дамуындағы Ассамблеяның рөлін бағаламау мүмкін емес. Өйткені елімізге көз тігіп, басқан қадамымыздан жалтармай қарап отырған елдер жетерлік. Олардың арасында қаншама халықты бір ортаға жинап отыру мүмкін емес, бұл этносаралық ыдырауға әкеліп соғады дегенде болжамдардың болғаны анық. Алайда, бірілігі көркем  […]

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қала қонақтары мен тұрғындарына арналған «Өнерім саған – Қазақстан» атты іс-шараның концерттік бағдарламасы өтті

Ағымдағы жылдың сәуір айында  Тараз қаласының «Көне-Тараз» тарихи-мәдени  кешенінде   Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қала қонақтары мен тұрғындарына арналған «Өнерім саған – Қазақстан» атты іс-шараның концерттік бағдарламасы өтті. Іс-шараны ұйымдастырушылар – өңірлік ассамблея мен Жамбыл облысы  әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы 2021 жылды Тәуелсіздіктің 30 жылдығы […]