Entries by Администратор

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын! Бүгінгі мереке – еліміздің еркіндікке қол жеткізген тарихи сәті. Жерінің асты зор байлыққа, үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 33 жыл толғанына куә болып отырмыз. Ата-бабалары ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы орайда, елімізде бейбітшілік, бірлік, тұрақтылық орнап, болашағымыз жарқын […]

Құрметті Қазақстан халқы

Құрметті Қазақстан халқы, баршаңызды мерейлі мерекеміз – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн халқымыздың мызғымас бірлігін айшықтайтын атаулы мереке. Дәл осы күні күллі әлем Қазақстан Республикасын дербес мемлекет ретінде таныды. Желтоқсанда жалынды жастардың басын бәйгеге тігіп, бодандық құрсауынан шығуға ұмтылған ерлігі қазақ еліне егемендік сыйлады. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осындай салтанатты күнде […]

ТӘУЕЛСІЗДІК ПЕН ЭТНОСАЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – БАСТЫ ИГІЛІГІМІЗ

Мубарак Қасымқызы Жинақбаева, Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы, Достық үйінің директоры   Тәуелсіздік — біздің болашақ ұрпаққа берілген үлкен бақыт, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Баршамызға белгілі, 1991 жылғы 16-желтоқсанда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге  тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Отыз жылдан астам уақыт […]

Тәуелсіздік және этносаралық қатынастар

  Асқарбек Ақылшаұлы Сейілханов, өңірлік ассамблея төрағасының қоғамдық орынбасары, Жамбыл облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Этносаралық қатынастар жаңа Қазақстанның іргетасындағы маңызды да мықты кірпіш іспеттес. Қазақстандағы этносаралық қарым-қатынастар – егемендік пен тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін пайда болған жаңа әлеуметтік-саяси ақиқат.  Қазақстандағы этносаралық қатынастар онда тұрып жатқан барлық халықтардың қоғамдық қызметінің әр түрлі салаларындағы сан түрлі […]

ТӘУЕЛСІЗДІК – ДАМУҒА ҮЛКЕН МҮМКІНДІКТЕР БЕРДІ

Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 33 жыл толады.  Ата-бабаларымыз  арман еткен еркіндік үшін күрескендер арасында  орыс, украин, қарақалпақ, өзбек, қырғыз, балқар  этносы мен басқа да  этностардың өкілдері аз болмағанына тарихи құжаттар дәлел. Олар Қазақстанның мүддесі, біздің ортақ Отанымыз үшін қолына қару алып та, саяси майдан шебінде жүрді. Бодандық үшін қыршыннан қиылған боздақтар қаншама. Олардың ерлігін ескеріп, есімін […]

ЖАС ӨЛКЕТАНУШЫЛАР ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ

Ағымдағы жылдың 7 желтоқсаны күні Тараздағы «Бақытты болашақ» Оқушылар сарайының жас өлкетанушылары Достық үйіне экскурсия жасады. «Бір шаңырақ астында»  тақырыбы аясында оқушылар өңірлік Ассамблеяның тарихымен, этномәдени бірлестіктердің қызметімен, қолөнерімен, этнос өкілдерінің ұлттық киімдері, бас киімдері, тұрмыстық заттарының тарихымен танысып, этностар арасындағы достастық, мәдениет, салт-дәстүрлер туралы әнгімелер өрбітті. Өлке тарихын тануға талпынған жастарға экскурсия барысында облыстық […]

«БІР ЕЛ» тарихи-ағартушылык ЖАСТАР жобасы мұнайлы өңір — АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА

Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті, этностардың интеграциясын және «Әралуандықтағы бірлік» қағидатын ілгерілету мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитеті, «Қоғамдық келісім» республикалык мемлекеттік мекемесі ағымдағы жылдын 27-29 қараша кундері Атырау облысы, Атырау каласында ҚХА-ның «Бір ел» тарихи-ағартушылык жастар жобасы аясында келелі іс-шара өткізді. Атаулы шараға Қазақстанның барлық аймақтарының Ассамблея жастары — этномәдени […]

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕРГЕ ЖОЛ АШАДЫ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының биылғы жылы өткен XXXIII-сессиясында Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының этномедиация саласындағы мамандарының тәжірибесін ҚХА-ның барлық ұйымдарына тарату қажет екенін атап өткен болатын. Осы орайда, ағымдағы жылдың 3 желтоқсанында тәжірибе алмасу мақсатымен Жамбыл облысына Маңғыстау облыстық мәслихатының төрағасы, аталмыш облыстың ҚХА этномедиация кеңесінің төрағасы Жаңбырбай Матаев пен Маңғыстау облыстық […]

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ПОЛЯК ЭТНОСЫНЫҢ ӘДЕБИ КЕШІ ӨТТІ

2024 жылдың 30 қарашасы күні Достық үйінде Алматы қаласындағы Польша Республикасының консульдығының қолдауымен Жамбыл облыстық «Полонез» Поляк тілі және мәдениет орталығы «Далекая отчизна» атты мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Әдеби сайысқа қатысушылар төрт жас санатында көркем проза мен өлеңдерді мәнерлеп оқудан шеберліктерін көрсетті. Қатысушылардың еңбегін қазылар құрамының төрағасы, филолог Татьяна Белоголовых ,өңірлік поляк орталығының жетекшісі Лариса […]

ҚОРДАЙДА «ТАТУЛЫҚ – ДОСТЫҚ КІЛТІ» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

«Достық керуені» жобасы этностар арасындағы достықты дәріптеумен қатар, олардың мәдениет, спорт, әлеуметтік т.б. саладағы қырларын тануға кеңінен мүмкіндік береді. Дәстүрлі жоба аясында «Татулық – достық кілті» атты облыстық фестивалі өтті. Аудандық мәдениет үйінде өткен іріктеуге мектеп оқушылары және колледж білімгерлері және аудандағы этнос жастары қатысты. Фестивальдің мақсаты – қазақ халқының өнері мен мәдениетін жан-жақты насихаттау, […]