Entries by Администратор

Таразда «Туған жерім-дархан далам» атты Жамбыл, Байзақ аудандарының күндері өтті

Үстіміздегі жылдың 8-9 қазанында Тараз қаласының туған күніне орай, Арбатта «Туған жерім – дархан далам» атты Жамбыл мен Байзақ аудандарының күндері өткізілді. Іс-шарада облыстық ассамблеяға қатысты Жамбыл аудандық «Ахыска» түрік, «Вынхуа» дүнген және «Барбанг» күрді этномәдени орталықтарының басшылары мен белсенді мүшелері қатысып, аталмыш іс-шарада өздерінің ұлттық салт-дәстүрі мен ұлттық тағамдарын жиналған жұртқа тарту етті. Бұған […]

Ұйғыр этномәдени бірлестігі «Үлгілі қарттар» іс-шарасын өткізді

Үстіміздегі жылдың, қазан айының 10-жұлдызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында  Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі Қарттар күніне арналған «Үлгілі қарттар» атты іс-шара өткізді. «Машраб» Ақсақалдар кеңесіндегі іс-шарада бірлестік төрағасы Мұхабат Тұрдыева жиналғандардың назарын ұлағатты ақсақалдардың жастарға үлгі болуына, олардың бастамаларын есте сақтауға тиіс екендігіне аударды. Біздің ақсақалдарымыз өскелең ұрпаққа өз Отанына […]

Жамбыл облысының аудандарында семинар-кеңестері өткізілді

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшылығымен және ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен үстіміздегі жылдың 5-11 қазан аралығында облысымыздың этнос өкілдері тығыз шоғырланған Жамбыл, Қордай, Шу, Меркі, Байзақ аудандарында және олардың бірнеше ауылдық округтерінде балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық мәселелері бойынша семинар-кеңестері өткізілді. Бүгінде өрімдей жастардың қылмыс жасауы көз үйренген көрініске […]

«Хазар» әзірбайжан этномәдени орталығы еске алу кешін өткізді

Ұзақ тарихи және мәдени тамыры бар қоғамаралық қақтығыс қайта құру жылдарында (1987-1988) Армения мен Әзірбайжандағы ұлттық қозғалыстардың күрт өсуі аясында жаңа айқындыққа ие болды. Осыдан бір жыл бұрын 2020 жылдың қыркүйегінде қақтығыс қайтадан соғыс кезеңіне өтті, нәтижесінде 9 жылғы 10-2020 қарашадағы атысты тоқтату туралы мәлімдемеге сәйкес Әзірбайжан бұрын жоғалған аумақтардың едәуір бөлігін бақылауға алды, оларды […]

Таразда «Тіл – тұтастық туы» фестивалі өткізілді

Облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы  Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және облыстық ҚХА ХХІХ Сессиясындағы интеркультурализм қағидатын ілгерілету мақсатында үстіміздегі жылдың қыркүйек айының соңында Достық үйінің алдында, ашық аспан астында «Тіл – тұтастық туы» атты фестивалін өткізді. Фестивальдің мақсаты – тәуелсіз елде тұратын ұлт өкілдерінің бойында достық пен бірлікті нығайту үдерісінде мемлекеттік тілге деген құрмет […]

ҚХА Аналар кеңесі Байзақ қарттарына қайырымдылық жасады

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы бүгінде түрлі форматта ұйымдастыратын қайырымдылық іс-шараларымен  биік. Осындай іс-шаралардың бірі – ағымдағы жылдың қыркүйек айының соңында өткен Қарттар күні. Қайырымдылық дегенде қарап отыра бермейтін, жүректері мейірімділікке толы этнос өкілдері біріншіден, Байзақ ауданында болған жарылыстан зардап шеккен жандарға оларды ұмытпай қолда барын аямай атсалысуда. Бұған қоса, «Қарты бар елдің қазынасы бар» […]

Таразда Көптарапты меморандумға қол қойылды

Үстіміздегі жылдың  28 қыркүйегінде Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық  мемлекеттік мекемесінде, аталмыш мекеменің ұйымдастыруымен облыстық  ҚХА «Жаңғыру жолы» республикалық жастар  қозғалысының өңірлік штабы мен жастар басқармасы  және  жастары ұйымдарымен  бірлік пен келісімді дамыту мақсатында өзара ынтымақтастық туралы МЕМОРАНДУМҒА қол қойылды. Іс-шараның мақсаты – қоғамдық келісім […]

Жұмыс кездесуі өтті

Үстіміздегі жылдың  қыркүйек айында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Латиф Айдаровтың Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерімен жұмыс кездесуі өтті. Кездесу барысында Жамбыл облысы ҚХА жастарын кәсіпкерлік қызметке тарту мәселелері талқыланды және жуық арада осыған орай, жұмыс жоспары белгіленетіндігі сөз болды. Аталмыш жиынның нәтижесінде кездесу «Бизнестің жол картасы-2025» жобасы аясында […]

Бейбітшілік пен тұрақтылық – тәуелсіздігіміздің негізі

Ұлтаралық татулық пен келісімді сақтау және нығайту бағыты мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі болып қала береді. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтау мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Біздің еліміз үшін әр түрлі тарихи оқиғаларға байланысты қалыптасқан халықтың бұл этникалық құрамын ескере отырып, бірнеше ондаған түрлі діндерді ұстанатын жас республиканың аумағында 140-тан астам ұлт […]

«Мың бала»

Жамбыл облысы Талас ауданының Қасқабұлақ орта мектебінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобаны өткізудің тұжырымдамасы бойынша, үстіміздегі жылдың 20-22 қыркүйек күндері аралығында  аудандық Күрді этносы өкілдері (оқушылар) арасында мемлекеттік тілді меңгеру, қазақ халқының ұлттық рухани құндылықтарына баулу, қазақстандық бірегейлік пен бірлікті дамыту мақсатында «Тәуелсіздік – тірегім» тақырыбында эссе жазу конкурсын ұйымдастырылды. Өзі […]