Тәуелсіздік – маңдайға біткен сый
Бүгінде Тәуелсіздік құрдастары орда бұзар отыз жасқа толды. Егемен елде дүниеге келіп, өсіп-жетілген олардың санасы сергек, көзқарастары да, өмір салттары да өзгеше. Бостандық бізге оңайлықпен келген жоқ. Ата-бабаларымыз азаттық жолында арпалысты. Талай зұлмат замандар мен нәубеттерді бастан өткерді. Осының бәрі халықтың есінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа берілуге тиіс. «Өткен күннен алыс жоқ, келер күннен жақын жоқ» […]