Entries by Администратор

Әкім сағаты

2021 жылғы 27 желтоқсанда “Jambyl” телеарнасының тікелей эфирінде “Әкім сағаты” өтті. Іс-шара жаңа форматта өтті. “Jambyl” телеарнасының, “Aulieata Media” медиахолдингінің, Өңірлік коммуникациялар қызметінің, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының өкілдері қатысты. Белсенді қатысушылар арасында журналистер, блогерлер, жұртшылық бар. Іс-шараға Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы журналистер клубының төрағасы, республикалық “Казахстанская правда” газетінің меншікті тілшісі Михаил Те […]

2021 депутаттары

Ағымдағы жылдың желтоқсан айында ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Хамедов Абилфас,  Линник Андрей, Бұларов Ілиястың  М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің профессор-оқытушылар құрамымен  мемлекеттік бағдарламалардың мән-маңызын түсіндіру және өңірлік университеттің тыныс тіршілігімен танысу мақсатында  кездесу өткізлді. Университет ректоры Талғат Ешенқұлов Дулати университеті тарихы және даярланатын мамандар туралы атап өтті. Технологиялық факультеттінің деканы Ә.Әймен Республикадағы маңызды мамандық топтарына […]

Рождество қарсаңында

Католиктік мереке – “Рождество” қарсаңында үстіміздегі жылдың 16-19 желтоқсан аралығында Жамбыл облыстық Немістер қоғамының ұйымдастыруымен, “Возрождение” ҚҚ қаржылық қолдауымен “Рождестволық кафе” жобасы өтті. Бұл жоба несімен ерекше? Төрт күн ішінде жоба қатысушылары Рождестволық атмосфераға бар қызығушылықпен кіріп кетті: түскі асқа дейін олар  қарқынды тіл курсына қатысты,  барлық сабақтар интерактивті тапсырмалармен, викториналармен, жобалық жұмыстармен және тағы […]

«Тәуелсіз Қазақстан» монументіне гүл шоқтарын қою.

Таразда Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай  «Тәуелсіз Қазақстан» монументіне гүл шоқтары қойылды. Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық мәслихат хатшысы Махметғали Сарыбеков қатысты. Гүл шоқтарын ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері қойды. Айта кету керек, Тәуелсіздік жылдары Жамбыл облысы көптеген салаларда, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруда ірі табыстарға қол жеткізді. Басты назарда – басым бағыттар. Жамбыл облысы […]

Таразда ҚХА қоғамдық құрылымдары бірлескен отырысы өтті

Бүгін, ағымдағы жылдың 14 желтоқсанында Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен Таразда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған ҚХА қоғамдық құрылымдары бірлескен отырысы өтті.           Қатысушылар – этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ басшылары мен қызметкерлері. Мақсат –  қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған өңірдің оң […]

Облыстық “АХЫСКА” түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махмуджон Давришев марапатталды

Бауырластық рухында тәрбиеленген барлық этностар дерлік Отанымыздың дамуы мен өркендеуіне өз үлестерін қосуға ұмтылды. Бүгінде қазақтар, татарлар, орыстар, өзбектер, ұйғырлар, қырғыздар, армяндар, шешендер және басқа ұлт өкілдері тату отбасының бір бөлігіне айналды. Сонымен бірге, олар ата-бабалары үйреткен дәстүрлерін дамыта отырып, арықарай балаларына беруді жалғастыруда. Біздің елімізде Тұңғыш Президент құрған Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен бейбітшілік пен […]

Таразда ҚХА Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті

2021 жылғы 10 желтоқсанда Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ-де Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Журналистер клубының кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында Республикалық Журналистер клубында назарға алынған және облыстық журналистер қоғамдастығының алдында тұрған өзекті мәселелер мен жаңа міндеттер талқыланды. Іс-шараға “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова, Баспасөз қызметі қызметкерлері мен республикалық, облыстық және қалалық […]

Таразда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

Бүгін, үстіміздегі жылдың 11 желтоқсанында  Мемлекет басшысының тапсырмасымен облысқа келген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев қатысуымен Таразда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиында ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев жамбылдықтарды мерекемен құттықтап, Тәуелсіздікті нығайтудағы Елбасының рөліне зейінмен тоқталды. Қырымбек Көшербаев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жасампаз саясатты жемісті жалғастыруы, салиқалы сабақтастық […]

ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен кездесу өтті

2021 жылғы 11 желтоқсанда “Анаға тағзым” рухани-адамгершілік тәрбие орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Тәуелсіздікке тәубе” акциясы өтті. Аталмыш іс-шара Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келген ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың қатысуымен өтті. Сонымен бірге, іс-шараға Тараз қаласы және Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері белсенді қатысты. Олар қазақ, өзбек, орыс, дүнген, тәжік, неміс, әзірбайжан, күрд […]

Тәуелсіздіктің жаңа ұрпақтары

ҚХА-ның биылғы жылғы кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге, балаларға ассамблея, бейбітшілік, достық, толеранттылық деген түсініктердің не екенін кішкентай кездерінен саналарына сіңдіріп тәрбиелеу, Қазақстан этностары туралы деңгейлеріне шақ дәріс беру маңызды екеніне назар аударды.  Осыған орай, Жамбыл облыстық ҚХА, «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бірінші болып балабақшадан бастап балалармен […]