Entries by Администратор

Үстіміздегі жылдың 29-қаңтарында берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзекті тақырыптар бойынша барлық сұрақтарға тыңғылықты жауап берді.

Үстіміздегі жылдың 29-қаңтарында берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзекті тақырыптар бойынша барлық сұрақтарға тыңғылықты жауап берді. Президент қаңтардағы қайғылы оқиғалардың себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның негізгі сыртқы саяси серіктестермен қарым-қатынасы туралы шынайы және батыл түрде тоқталып, елдегі бірлік, ынтымақтың қажеттілігін атап өтті. Сонымен бірге, қаңтардағы қайғылы жағдай туралы айта келе, Мемлекет […]

Кейде әрбір адам өздігінен батыл шешім қабылдауды қажет ететін қиын жағдайларға тап болады, қабылдаған шешімдеріне өзі жауап береді.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қаңтардағы қайғылы оқиғадан кейін алғашқы сұхбатын берді. Бұл сұхбат саясаттағы ашықтық үлгісі бола алады. Президент реформалар мен саясатты ашық жүргізу туралы батыл шешімдерімен бөлісіп, үлкен өзгерістерге жол бастады. Президенттің айтуынша: “Бұл нағыз соғыс болды, жауапкершілікті өз мойныма алу қажеттігі туындады. Біздің заңға сәйкес, Жаңаөзен оқиғасынан кейін қару-жарақ бақылаудан шығып кеткен жағдайда […]

Телеэфирде көрсетілген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты уақытылы, эксклюзивті, серпінді, шынайы болды.

Телеэфирде көрсетілген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты уақытылы, эксклюзивті, серпінді, шынайы болды. Әр сөз жүрекке тез жетті. Мемлекет басшысы өткір және келеңсіз қойылған сұрақтарға да батыл түрде ашық жауап берді. Әр сөзінен нық сенімділік сезіліп тұрды. Бұл халык үшін маңызды және құнды, өйткені сенім Қазақстанның дұрыс дамуы үшін қажетті реформаларды жүзеге асыруда жақсы көмекші болып табылады. […]

Үстіміздегі жылдың 29 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың республикалық телеарналардан эксклюзивті сұхбаты көрсетілді.

Үстіміздегі жылдың 29 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың республикалық телеарналардан эксклюзивті сұхбаты көрсетілді. Сұхбат барысында мемлекет басшысы қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестерімен қарым-қатынастары туралы сауалдарға жауап берді. Мемлекет басшысы сұхбатында реформалар тек адамдарды өзгертумен ғана шектелмейтінін, реформалар ең алдымен жүйедегі […]

Елбасымыздың қай кезде ел алдына шықпасын, әрбір сөзін ықыласпен күтемін.

Елбасымыздың қай кезде ел алдына шықпасын, әрбір сөзін ықыласпен күтемін. Оның әрбір сөзін тыңдай отырып, ерекше ой толғаймын. Жаңа жылдың басталуымен бәріміз жақсы жаққа өзгеріс, жаңа өмір күтеміз.  Осы жыл мен  қаңтар оқиғасы барша азаматтардың қорғаны, үміті де -Президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлы екенін көрсетті.Оның айқын ұстанымы мен іс-әрекеті, оны дипломат және кәсіби саясаткер ретінде біздің […]

Ағайынды Зайнутдиновтар – игі істің жаршылары

Үстіміздегі жылдың қаңтарында Жамбыл облысы Ішкі істер органдарының ардагерлері ағайынды Зайнутдиновтар Тараз қаласы полиция департаменті мен полиция басқармасының қираған ғимараттарын қалпына келтіріп жатқан полиция қызметкерлері мен жұмысшыларға қайырымдылық түскі ас ұйымдастырды. Үлкен ағасы Абдурахман Тараз қаласының өзбек орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ал кіші Абдурахим – Мырхалық қажы атындағы мешіттің имамы. Бүгін мұсылман діндарларының және қалалық […]

Тараз – Ұлы Жібек жолының бойында, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өркениеттің орталығы болған көне қала.

Оның терең тарихы – Әулиеата жұртының, Қазақ елінің мақтанышы. Тараз егеменді елімізбен бірге дамып келеді. Жыл өткен сайын жаңа шағын аудандар, көрікті ғимараттар салынып, заманауи инфрақұрылым жүргізілуде. Жақын күндері «Гимнастика және үстел теннисі», «Анаға тағзым», «Облыстық онкологиялық» орталықтары халық игілігіне берілмек. «Үшбұлақ», «Қарасу» каналдарында тағы бір жағалау пайда болады. Естуімізше келесі жылы Мұз сарайының, Жеңіл […]

Ризашылықпен айтылған рахмет

2022 жылдың 22 қаңтарында Тараз қаласында әкімшілік ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстарында жұмыс істейтін жұмысшылар үшін 700-ден астам адамға қайырымдылық түскі ас берілді. Атап айтқанда, Жамбыл облыстық “Ахыска” түрік этномәдени бірлестігінің өкілдері Жамбыл облысы әкімдігінің ғимаратын қалпына келтіріп жатқан 300 жұмысшыға түскі ас берді. Бұл жолы түскі асқа оларға салат, ыстық қуырдақ, сусындар берілді. “Ахыска” түрік […]

Мероприятие Мерке

Аудан әкімінің тапсырмасына сәйкес, ұлтаралық келісімді және ұлттар достығын нығайту мақсатында өзгеұлт өкілдері тығыз шоғырланған Жамбыл, Меркі және Ойтал ауылдық округтерінде аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, ауыл ақсақалдары, ауыл имамы және құқық қорғау органдарымен бірлесе ауыл тұрғындарымен кездесулер өткізілді. Кездесу барысында ой-пікірлер алмасып, достығымыздың берік екендігін көрсете білді. Елімізде соңғы болған […]

Жастармен кездесу

2022 жылдың 18 қаңтарында Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ-де Жамбыл облысының ҚХА жастарымен кездесу өтті. Іс-шара онлайн және офлайн форматта өтті. Қатысушылар арасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚХА мүшесі Ғұлам Умаров, Жамбыл облысы ҚХА төрағасының орынбасары Латиф Айдаров, «Ассамблея жастары» республикалық жастар бірлестігінің, Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің, Жамбыл облысы әкімдігінің […]