Entries by Администратор

Ағымдағы жылдың 15- ақпанында “Қоғамдық келісім” КММ-де Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылу күніне орай

Ағымдағы жылдың 15- ақпанында “Қоғамдық келісім” КММ-де Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылу күніне орай, «Естелік қоңырауы» атты әдеби-музыкалық композиция өтті. Композициялық кештің режиссері ҚР Мәдениет саласының үздігі Ольга Ізбасарова болды. Іс-шараның негізгі мақсаты – “Рухани жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, патриоттық тәрбие беру және Ауған соғысы ардагерлерін ұлықтау. Әдеби-музыкалық кешке Ауған соғысының ардагерлері генерал-майор Әлімжан […]

«Жылу» қайырымдылық акциясы

Үстіміздегі жылдың 12 ақпанында Жамбыл облысы ҚХА «Ассамблея жастары» өңірлік қоғамдық бірлестігі «Жылу» қайырымдылық акциясын өткізді. Акция аясында тұрғылықты үйлері өрт құрсауында қалған көпбалалы Табуровтар отбасына қайырымдылық қорын ашып, жиналған суммаға тұрмыстық қажетті заттар, азық-түлік, балаларға тәттілер жеткізді. Бұған қоса, планшет сыйлады. Алдағы күндері уақытша жалдамалы пәтерге көшуге қаржылай көмек беру қарастырылуда. Айта кетейік, аталмыш […]

Теміржолшылармен кездесу

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында Қоғамдық келісім кеңесі мүшелері Тараз қаласындағы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Жамбыл бөлімшесінің жұмысшыларымен кездесуі өткізілді. Кездесудің басты мақсаты – Қоғамдық келісім кеңестері құрылған кәсіпорындарда қоғамдық бірлік пен келісімді насихаттау. Отырысқа «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Парида Мамедова, Жамбыл облысы ҚХА қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Абдурахман Зайнутдинов, «Қазақстан темір жолы – […]

Аудандарда «Қоғамдық қабылдау» басталды

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Жамбыл облысы  әкімдігінің жанынан «Қоғамдық қабылдау» кеңесі құрылған болатын. Бұл кеңес өзінің жұмыс бағытын қаңтар төңкерісіне қатысты арнайы комиссия құрудан бастап, жергілікті халықтың және балалары зардап шеккен ата-аналардың мұң-мұқтажын тыңдау,  көмек беру мақсатында «Коғамдық қабылдау» ұйымдастырған болатын. Осыған орай, Тараз қаласында біршама ата-аналардың арыз-өтініштері қабылданып, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бұл үрдіс аудандарда […]

Таразда «Қазфосфат» ЖШС жұмысшыларымен отырыс өтті

Ағымдағы жылдың 8-ақпанында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің 2022 жылға жұмыс жоспарына сәйкес, Қоғамдық келісім кеңестері құрылған кәсіпорындарда қоғамдық бірлік пен келісімді насихаттау мақсатында Қоғамдық келісім кеңесі мүшелерінің «Қазфосфат» ЖШС жұмысшыларымен отырысы өткізілді. Жиынға Жамбыл облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары – Абдурахман Зайнутдинов, Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі – Идирис Юнусов, […]

Азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың диалогы – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі

2022 жылдың 4 ақпанда “Қоғамдық келісім” КММ-де “Азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдардың диалогы – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі” тақырыбында Жамбыл облысы ҚХА жанындағы Ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, ҚХА жастары қатысты. Отырыс барысында азаматтық қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы өзара қарым-қатынасқа байланысты […]

Достық үйінде Қоғамдық қабылдау бөлмесінің отырысы өтті

2022 жылғы 3 ақпанда «Қоғамдық келісім»  КММ-де Қоғамдық қабылдау бөлмесінің отырысы өтті. Қатысушылар «қаңтардың қайғылы оқиғалары» аясында  Адам құқықтары мәселелерін талқыланды. Балалардың тергеуіндегі ата-аналардың өтініштері мұқият, терең және жан-жақты зерттелуі керек. Осыған байланысты адам құқықтарын қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері, көрнекті қоғам қайраткерлері, журналистер, блогерлер, ардагерлер, құқық қорғаушылар тартылды. Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық […]

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақында берген сұхбаты маған ұнады.

Қойылған сұрақтарға ашық және сенімді жауап беру арқылы бұл сұхбат есте қалды. Эфирде шынымен біраз мемлекеттік құпиялар жөнінде ашық айтылды. Алынған сұхбат ауыр сәттерді де айналып өтпеді. Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтардағы қайғылы оқиға,  Отанымыздың әріқарайғы тағдыры қалай және  қашан шешілетіндігі туралы айтып берді. Сұхбатта қайғылы қаңтар оқиғаларының аянышты себептері сөз болып, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, […]

Мен де көптеген отандастарымыз  сияқты, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбатын мұқият қарап, тыңдап шықтым.

Эксклюзивті сұхбатында  Мемлекет басшысы қаңтардағы қайғылы оқиғалардың себептері мен салдары, одан арғы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның негізгі саяси серіктестерімен өзара қарым-қатынастар туралы толғандыратын көптеген сұрақтарға жауап берді. ҚР азаматы ретінде мен үшін  Президент көтерген аса маңызды мәселе  – саяси және экономикалық жүйенің тиімділігін арттыру мәселесі болды.  Бүгінгі таңда Президент қабылдаған өзгерістер халыққа өте қажет! […]

Таразда ҚХА «Медиация кабинетінің 2021 жылғы жұмыс қорытындылары және 2022 жылға арналған жоспарлары туралы» Медиаторлар кеңесінің отырысы өтті

2022 жылдың қаңтарында Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ Медиация кабинетінде “Медиация кабинетінің 2021 жылғы жұмыс қорытындылары және 2022 жылға арналған жоспарлары туралы” медиаторлар кеңесінің отырысы өтті. Отырыстың мақсаты –  облыстағы «Медиация» институтының қызметін дамыту және жандандыру перспективасын талқылау болып табылады. Күн тәртібінде Медиаторлар кеңесінің жоспарын бекіту мәселелері, ел Президентінің этномедиацияны дамытуға қатысты тапсырмаларын […]