Entries by Администратор

Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы

Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де, жәй ғана рахмет айтумен де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. Қазақ халқының  ұғымында  неғұрлым көп Алғыс алған адам бақытты болады. “Алғыспен ер көгерер” деген мәтел […]

1 Наурыз күні

1 Наурыз күні – Алғыс айту күнін жыл сайын барша қазақстандықтар болып атап өтеміз.   Бұл мейрам біздің ортақ тарихымыздың нақ символы,  Қазақстан халқының бірлігінің, бейбітшілігі мен келісімінің күні. Бүгін біз, миллиондаған адамдардың өз ұлттық ерекшеліктерін сақтап, бақытын тапқан Отанына айналған киелі қазақ жеріне, қайырымдылығы мен кеңпейілдігі, даналығы мен қонақжайлығы үшін қазақ халқына алғыс айтамыз. Қиын-қыстау […]

1 Наурыз күні, еліміздегі жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні

1 Наурыз күні, еліміздегі жалпыхалықтық мереке – Алғыс айту күні. Бұл мереке 2016-жылдан бері мерекеленіп келеді. Аталмыш мейрам – біздің ортақ тарихымыздың символы, Қазақстан халқының жалпыұлттық бірлігінің, құрметі мен ынтымағының күні. Бұл – Ұлы Дала елінің ұлағатты өткеніне тағзым, Мәңгілік Елдің бүгініне және болашағы біртұтас елдің ертеңіне деген нық сенім.  Сонымен бірге, Алғыс айту күні  […]

ҚР Тұңғыш Президентінің жарлығымен 1 наурыз елімізде «Алғыс айту күні» болып белгіленді

Бұл айтулы мереке қазіргі таңда елімізде кең көлемде тойлануда.  Өткен ғасырдың 30-жылдарында қазақ жеріне Батыс пен Шығыстан жүздеген ұлт жер аударылды. Дәл бүгінгі күн репрессияның қиын жылдарында өзге этностарды жылы қабылдап, олармен баспанасын бөліскен қазақ халқына үлкен ризашылығымызды білдіретін күн. Негізінде адамзат бір-біріне алғыс айтып ризашылығын білдіріп жүретін болса, соғыс атауы болмас еді. «Адамзаттың бәрін […]

Этникалық стильдегі көрме

Үстіміздегі жылдың 18 ақпанында “Қоғамдық келісім” КММ-де 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай көрме өтті. Іс-шараны Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ, «Айнуры» “татар-башқұрт мәдени орталығы” ҚБ ұйымдастырды. Экспозицияға 8 этномәдени бірлестіктен 21 суретшінің 41 жұмысы қойылған. Бұл көрме этно стильде өтті деп айтуға болады, өйткені […]

«Ана тілім – дана тілім»

Ағымдағы жылдың 19 ақпанында «Қоғамдық келісім» КММ-де «М. Қашқари» атындағы ұйғыр этномәдени бірлестігінің ұйымдастыруымен халықаралық ана тілі күніне орай «Ана тілім – дана тілім» атты мерекелік іс-шарасы өтті. Іс-шараның мақсаты – Қазақстандағы этностардың тұтастығын сақтау, қазақ тілін дамыту, балаларды тек өз халқының ғана емес, сонымен қатар біздің елде тұратын барлық адамдардың мәдениеті мен дәстүрлерін құрметтеуге […]

Хычины

2022 жылдың 18 ақпанында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Аналар кеңесі “Анаға тағзым орталығында ұлттық тағамдарды дайындау бойынша шеберлік сыныптарын өткізді. Іс-шараға ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері, “Архыз” қарашайлар-балқар Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысындағы филиалының мүшелері, “Анаға тағзым” рухани-адамгершілік тәрбие орталығының өкілдері қатысты. Бұл жолы қатысушылар қарашай-балқар асханасымен танысты. Шеберлік сабағын “Архыз” республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшесі […]

«Мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек

«Мемлекеттің мәселесін мемлекеттік тілде айтуымыз керек. Тіліміз бізден басқа ешкімге керегі жоқ. Сондықтан, ең алдымен, өзіміз ана тілімізге құрмет көрсетуіміз керек деп ойлаймын», – деді Мемлекет басшысы телеарнаға берген сұқбатында. Расымен-ақ, дәл қазіргі сәтте тіл мәселесі қоғамда қызу талқыда жүр. Қазақстан көпұлтты мемлекет. Ендігі кезекте, барлық мемлекет тұрғындарын қазақ тілде сөйлетуді мәжбүрлі жүзеге асыру қажет […]

Мемлекет басшысының«Хабар24» телеарнасынан берген сұхбатын көріп отырмын

Мемлекет басшысының«Хабар24» телеарнасынан берген сұхбатын көріп отырмын. Президент сұхбат барысында қаңтар оқиғасының себептері мен келешектегі асырылатын саяси мен әлеуметтік өзгерістер, Еліміздің сыртқы саясаттағы стратегиялық  серіктестермен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдері туралы айтқан. Қоғаммен, еліміздің тұрғындарымен еркін диалогты жалғастыра отырып, тек қоғамдық институттармен өзара әрекетпен шектелмейді. Барлық түрдегі монополияны жою туралы және бұл әрине оңай жұмыс емес екенін […]

Мемлекет басшысының бүгінгі берген сұқбатын көрдім

Мемлекет басшысының бүгінгі берген сұқбатын көрдім. Көптеген мәселе талқыланды, көп біткен істер қорытындыланды. «Қайғылы қаңтар» оқиғасы кезінде қабылданған батыл шешімдер тәуелсіздігімізге сызат түсуінен сақтады. Қасым-Жомарт Кемелұлы өз сөзінде айтқандай, бейбіт шеруді қарақшылар өз пайдасына асырмақ болды. Дер кезінде қабылданған шаралардың арқасында еліміз қайта өз қалпына түсіп, бейбіт халықтың қорқынышы сейіле бастағандай. Қазақстан Республикасының азаматы ретінде […]