Entries by Администратор

 Баршаңызды еліміздің ең ұлы мейрамы, адам баласы  мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін – әз-Наурыздың тууымен құттықтаймын!

Күллі  шығыс жұртына ортақ Ұлыстың ұлы күні  Наурыздың тарихы тым тереңде жатыр. Аспанда күн мен түннің теңесетін, ырысы мол мереке біздің жан – дүниемізді шуаққа бөлейді, ой – ниетімізді таза арнаға бұрады. Бұл кешірім мен мейірімнің, үміт пен сенімнің, ізгілік пен түсіністіктің мерекесі. Бұл күні біз өткен жылы жасаған жұмысымызға есеп беріп, келешекке жоспар құрамыз, […]

Наурыз мерекесі қарсаңындағы қайырымдылық

Наурыз мерекесі қарсаңында Тараз қаласының Өзбек этномәдени орталығы 40-қа жуық мүмкіндігі шектеулі адамға қайырымдылық түскі асын берді. – Мейірім, қайырымдылық туралы сөз болғанда, бірінші кезекте мұқтаж жандарды тамақтандыру керек, – дейді Тараз қаласының Өзбек орталығының төрағасы Абдурахман Зайнутдинов. – Бұл халықтың осал топтары. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі жандарға түскі ас беру туралы шешім қабылданды, – деді […]

2022 жылдың 17 наурызында “Қоғамдық келісім” КММ-де “Сәулет балалар көзімен” атты балалар шығармашылық көрмесі өтті

Көрмеге №40 гимназияның 8-17 жас аралығындағы 34 оқушысы қатысты. Экспозицияда 36 жұмыс ұсынылған. Олардың барлығы дерлік әр түрлі жанрда және түрлі техникада жасалған. Атап айтсақ, классика – батик, акварель және гуашь, линнерлер, фломастерлерді қолдану арқылы бейнеленген. Көрмеде көрермендер Максим Хегайдың “Высотка” туындысындағы мегаполистің зәулім үйлерін көрсе, Анна Павлованың ертегі сарайына тәнті болды. Сондай-ақ, көптеген суреттер […]

БҰЛ ЖОЛДАУДЫҢ МАҢЫЗЫ АЙРЫҚША

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының кезекті отырысында жасаған Жолдауын тыңдай отырып, жуық арада жүзеге асырылатын саяси реформалардың жаңа бағдарламасымен таныстық. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық бағытта атқарылатын іс-шараларға қанықтық. Президент өз Жолдауында ертеңгі күнге деген сенімді еселей түсетін елеулі өзгерістерге тоқталды. Мұның бәрі де Жаңа Қазақстан құру идеясынан туындайтын міндеттер екенін, сындарлы […]

Жаңа Қазақстанды құру жолында

Бүгін Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бізге, қазақстандықтарға “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” Жолдауын жолдады. Мемлекет басшысының сөйлеген барлық сөзі маңызды, өйткені Президент елдің даму жолында атқарылар барлық міндет-мақсаттарды жеке-жеке айшықтап айтып берді.  Жаңа Қазақстанды құру үшін өмірдің барлық салаларын, ең бастысы – саяси жүйені реформалау сөзсіз маңызды. Оларды Біздің Президент ұсынды. – Халық үшін […]

Елімді қуантар елеулі өзгерістер

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Жолдауын «қаңтар оқиғасында» зардап шеккендер мен қаза болғандарға көңіл айтудан бастады. Ел басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында бірқатар маңызды міндеттер қойды, олардың орындалу тетіктері 18 наурызда өтетін ҚР Үкіметінің кезектен тыс отырысының басты тақырыбы болмақ. Ел басшысының осы Жолдауы барша қазақстандықтардың жүрегінен ерекше орын алды десем қателеспеймін. Көпұлтты Қазақстанымыздың алдағы уақытта […]

Келешегіміз кемел елміз

Соңғы кездері «Жаңа Қазақстан» сөзі халық арасында кеңінен тарады. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа Қазақстанның мағынасын ашып айтып берді. «Жаңа Қазақстан дегеніміз – егемен елдің болашақтағы бейнесі. Өз елінің ертеңіне сенбеген халық мықты мемлекет құра алмайды. Бұған тарихтан талай мысал келтіруге болады. Біз келешегіміз кемел боларына және жарқын болашақты өз қолымызбен жасай алатынымызға сенеміз!»- деді […]

Жаңғыру жолы – сара жол

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялады. Елбасы өз сөзінде   Қазақстан халқына Жолдауында саяси жүйені жаңғырту, ел қызметінің барлық салаларында реформаларды әзірлеу және қабылдау бойынша басымдықтар, бірінші кезекте, өңірлер мен елдің әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша өзекті мәселелер қозғалды. Жолдауда атап өтілгендей: билік пен азаматтық қоғамның міндеті – елдегі келісім мен тұрақтылыққа қол […]

Бұл Жолдау бұрынғы жолдаудан өзгерек

Бүгін, Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қос палатаның бірлескен отырысына қатысып, Қазақстан халқына арнаған Жолдауын жариялады. «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» негізге ала отырып, реформалар мен үкіметке саяси жүйені одан әрі дамыту және «Жаңа Қазақстан» ауқымды жұмыстарға бағытталған. Елбасы тәуелсіз Республикамыздың одан әрі дамуының кепілі болатын реформаларды алға тартып, жүзеге асырды. Алдыңғы жолдаулар  секілді бүгінгі […]

Ақпараттық соғыс кейде қарулы соғыстан да қауіпті болады

Ақпараттық соғыс кейде қарулы соғыстан да қауіпті болады. Арандату мен жүгенсіз ақпараттардың торына түскен адамдар саналарын үрей мен күдік жайлап, әлеуметтік желілерде түрлі жағымсыз пікірлер қалдырып жатады.  Полиэтносты, поликонфессиялы  Қазақстанымызда мұндай пікірлерге орын қалмау керек. Күні кеше ғана орыс ұлтынан Мыскина Александра атты қарапайым қыз өз парақшасынан «Қазақстан – менің Жерұйығым» флешмобын жариялап, «Қазақстанның көпұлтты […]