Entries by Администратор

Таразда Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Кузиев Закиржан Пірмұхамедұлымен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 21сәуірінде Тараз қаласының Достық үйінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының Қоғамдық орынбасары Кузиев Закиржан Пірмұхамедұлы Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері және төрағалары, төрайымдарымен кездесті. Атап айтқанда, жиынға облыстық қазақ, грек, ұйғыр, күрді, қытай, қарашай-балқар, тәжік, орыс, поляк, қалалық және облыстық өзбек этномәдени бірлестіктерінің басшылары, “Ассамблея жастары”  ҚХА жастар […]

Өмірімнің мәні – биім

Үстіміздегі жылдың 16 сәуірінде Тараз қаласында  А.Тоқпанов атындағы қазақ драма театрында облыстық «Живу танцуя» тақырыбында эстрадалық хореографиялық би  байқауы өтті. Байқаудың міндеттері мен мақсаттары – өңірдегі талантты орындаушылар мен шығармашылық ұжымдарды қолдау, дәріптеу, әр өнерлі жастың жұртқа өзін-өзі танытуы, жастар мен балалар арасындағы өзара сыйластық пен достық қарым-қатынас орнатуды нығайту,  олардың өнер жолындағы білім көкжиектері […]

Игі істер айы

Қасиетті Рамазан айында  қайырымдылық, жомарттық сияқты игі қасиеттер мен іс-қимылдардың алдыдан орын алатын кезеңі. Бұл игілікті айда көмекке мұқтаж адамдарға қолдау, қайырымдылық жасау аса  маңызды рөл атқарады. Қайырымдылық – Жамбыл облысы ҚХА қызметінің ажырамас бөлігі. Қандай мейрам, мереке, іс-шара  болмасын облыстық ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері әрқашан қайырымдылық акцияларына белсенді қатысып отырады. […]

Этносаяси мәселелер – басты назарда

2022 жылғы 8 сәуірде Тараз қаласының Достық үйінде . “Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру” тақырыбында облыстық үш күндік семинар-тренинг аяқталды. Іс-шараға этносаралық этноәлеуметтік шиеленіс картасына кіретін Жамбыл облысының аудан әкімдері және ауылдық округ әкімдері, білім бөлімдерінің басшылары және ҚР құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Ұйымдастырушылар – ҚР БП, ҚР ҰҚК, ҚР ІІМ, ҚР АҚДМ […]

Жанды жадыратар жақсылық жаса

Қайырымдылық – Қазақстан халқы ассамблеясы жұмыстарының негізгі бағыттарының бірі. ҚХА мүшелері, Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің төрағалары мен өкілдері арасында өмірлік мұқтаж жандарға көмек көрсетуге әрдайым дайын меценаттар аз емес. Қазір қасиетті Рамазан айы – адамдар игі істер жасауға ұмтылатын уақыт. Арғы жағында Пасха мерекесінің де ауылы алыс емес. Діні мен ділі мықты жандар үшін қайырымдылықпен […]

Маңызды мемлекеттік құжатты түсіндіру сәттерінен

Біздің өңірде Қазақстан Республикасы президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және этникалық келісімді нығайту бойынша жұмыстар ұдайы жүргізілуде. Бұл іс-шараға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен төрайымдары, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшылығы белсенді қатысуда. Осыған орай, бүгін  2022 жылдың 5 сәуірінде  қалалық № 31 […]

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшылығы мұғалімдермен кездесті

2022 жылдың 1 сәуірінде № 24 гимназиясының педагогикалық құрамымен кездесу өтті. Қонақтар арасында – Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысы Парида Мамедова, Жамбыл облысы “Радонеж” орыс қауымының төрағасы Владимир Сорокин болды. Іс-шараны өткізудің негізгі мақсаты-Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы” атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау. Іс-шараны № 24 гимназияның […]

Жамбыл облысында “Білім беру саласындағы медиаторлық қызметті ілгерілету жолдары” атты “Formatted” семинары өтті

Білім беру жүйесіндегі Медиация қазіргі заман талабына сай сұранысқа ие. Осыған байланысты 2022 жылғы 31 наурызда Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім” КММ «Білім беру саласындағы медиаторлық қызметті ілгерілету жолдары» атты “Formatted” семинары өтті. Шараға мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жергілікті билік органдарының, облыстық білім бөлімдерінің басшылары, ҚХА медиаторлары және  БАҚ өкілдері қатысты. Семинардың мақсаты […]

Жамбыл облыстық ҚХА кеңесінің отырысы

2022 жылғы 30 наурызда “Қоғамдық келісім” КММ-де Жамбыл облыстық ҚХА Кеңесінің отырысы өтті. Отырысқа Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшылығы, Жамбыл облысы ҚХА Кеңесінің мүшелері және этномәдени бірлестіктердің басшылары, өңірлік БАҚ өкілдері қатысты. Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының басшысы, модератор Алмас Садубаев құттықтау сөз сөйледі. Спикер өз сөзінде: – Бейбітшілік пен келісім – […]

Жамбыл жастары мемлекеттік қызметке түсу жолдарымен танысты

Ағымдағы жылдың 31 наурызында Тараз қаласындағы Достық үйінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкері Саят Төлепбепгенов «Мемлекеттік қызметке түсу мәселелерін түсіндіру» тақырыбында Өңірлік «Ассамблея жастары» қоғамдық бірлестігі мүшелерімен кездесу өткізді. Іс-шараға «Ассамблея жастары», оның ішінде АБТК, Заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінің белсенділері, сондай-ақ, Тараз қалалық Туризм жастары қатысты. Жиын барысында жастар мемлекеттік қызметкер […]