Entries by Администратор

Баршаңызды 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бұл мереке бәрімізге қымбат, өйткені ол бірлікті, бейбітшілікті, достықты бейнелейді. Қазақстанның Бірлік күні қарсаңында Қазақстан халқының ХХХ, XXXI сессиялары өтіп, менің оған  қатысқанымның өзіндік мәні бар. Мемлекет басшысының «Орнықты дамудың ең басты кепілі – тұрақтылық» дегені және «Бірлік, татулық және бейбітшілік – біздің мызғымас құндылықтарымыз. Оның айрықша маңызды екенін қаңтар оқиғалары кезінде айқын сезіндік. Қазір […]

Ассамблея жастары – бейбітшілік пен келісімнің сенімді діңгегі

Қазір Отанымыздың астанасы Нұрсұлтан қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы өтуде. Шараның жоғары деңгейін, жаңа форматын және қызықты көрсетілімін атап өткім келеді. Делегаттардың пікір алмасуға, өз ұсыныстарын атап айтуға, өз көзқарасын білдіруге мүмкіндіктері мол болды. Бұл сессия спикерлер мен ҚХА мүшелері арасында өте пайдалы пікірталастармен ерекшеленді. Сөз сөйлеушілер Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына қатысты нақты ұсыныстар […]

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бейбітшілік, тұрақтылық, достық, өзара түсіністік, бірлік – бұл құндылықтар әрқайсымызға қымбат. Бүгінгі таңда кейбір мемлекеттерде әскери арнайы операциялар жүргізіліп, қарулы қақтығыстар болған кезде, бұл ұғымдар әр адам үшін ерекше маңызды. Адамдар бейбітшілікті қалайды. Мемлекеттік саясаттың арқасында Қазақстан басқа әлемдік державалармен достық, әріптестік қарым-қатынаста. Біздің елімізде ашық аспан, бейбіт өмір бар, біз тыныш өмір сүріп, жұмыс […]

Жаңа даму жолындағы бірлік құны

Бүгін, үстіміздегі жылдың  29-сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласының ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінде ҚР Президенті, ҚХА Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІ сессиясы өтті. Сессияға республикалық және өңірлік ассамблеяның мүшелері, қоғам қайраткерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, діни бірлестіктердің басшылары, Парламент депутаттары, ҮЕҰ, ғылыми, шығармашылық зиялы қауым өкілдері және […]

Бүгін, ағымдағы жылдың 28-сәуірінде Нұр-Сұлтан қаласының ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХ сессиясы өтті.

Сессияға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, республикалық және өңірлік ассамблеяның мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен төрайымдары, қоғам қайраткерлері және республикалық  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Оның ішінде біздің Жамбыл облысынан облыстық 31 ҚХА мүшелері мен этномәдени бірлестік өкілдері де бар. ҚХА-ның бүгінгі ХХХ сессиясының негізгі мақсаты – саяси реформа жағдайында Ассамблеяның қызметін қайта форматтау. Қасым-Жомарт Тоқаев […]

Бүгінгі елеулі еркіндік

Бүгін, көктемнің бір шуақты күнінде Мемлекетіміздің астанасы – Нұр-Сұлтан шаhарында Қазақстан халқы Ассамблеясының  ХХХ сессиясы өтті.  Биыл Президентіміздің ұсынысы бойынша ҚХА-ның екі сессиясы қатар өтуде. Бүгінгі ХХХ сессия өте жоғары, оң деңгейде өтті десем қателеспеймін.  Сессияның өткізілу тәртібі түбегейлі өзгерген, өте қызықты, әрі еркін форматта өтті десек те болады. Аталмыш іс-шараның өткізіліуі бірнеше секцияға бөлінген.  […]

Ағымдағы жылдың 19 сәуір күні «Тараз-Ғасыр» колледжінде орналасқан Абай атындағы кітапхананың филиалында 1-мамыр Қазақстан халқы бірлігі күніне орай, «Мақсат – ортақ, бейбітшілік – ұранымыз» тақырыбында өткен кездесуге облыстық Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Абдурахман Зайнутдинов, ұжым қызметкерлері, студенттер қатысты

Ағымдағы жылдың 19 сәуір күні «Тараз-Ғасыр» колледжінде орналасқан Абай атындағы кітапхананың филиалында 1-мамыр Қазақстан халқы бірлігі күніне орай, «Мақсат – ортақ, бейбітшілік – ұранымыз» тақырыбында өткен кездесуге облыстық Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Абдурахман Зайнутдинов, ұжым қызметкерлері, студенттер қатысты. Шараның мақсаты –  еліміздегі түрлі этнос өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып,  татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды  насихаттау. […]

«Рамазан» – рақымшылық пен қайырымдылық айы

Қасиетті Рамазан айында қайырымдылық түскі ас беру Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктері жомарт та қайырымды жандарының игі дәстүріне айналды. Рамазан айы – рақымшылық айы, айлардың сұлтаны болғандықтан көптеген адамдар игі істер жасауға, қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға көмек пен қолдау көрсетуге тырысады. Көмек пен қолдауды қажет ететіндердің арасында мүмкіндігі шектеулі адамдар да бар. Осы орайда, […]

Спорт жас тандамайды

Денсаулықты нығайту оңай емес, бірақ кез-келген жаста өте маңызды. Осы себепті “алтын жастағы” адамдар деп аталатындар, олардың арасында этномәдени бірлестіктердің өкілдері көп, салауатты өмір салтын ұстануға тырысады, жыл сайын белсенді бола түсуде. Жақында Тараз қаласының Қайрат Рысқұлбеков демалыс саябағында қалалық спартакиада өтті, оған Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктерінің өкілдері белсенді қатысты. Ұлы Жеңістің 77 жылдығы мен […]

Таразда еврей этносының “Песах” діни мерекесі атап өтілді

Үстіміздегі жылдың сәуір айында Тараз қаласында біздің дәуірімізге дейінгі 13-ғасырда орын алған еврей халқының тарихындағы айтулы оқиғаны – мысырлық құлдықтан шығу мен бостандыққа қол жеткізуді бейнелейтін иудейлік “Песах” діни мерекесі атап өтілді. Іс-шара Тараз қаласының “Эльба” кафесінде өтті. Мерекеге қатысушылардың арасында Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова, “Жамбыл облыстық поляк […]