Entries by Администратор

Отанды және Туды қорғау

2022 жылдың 15 мамырында Тараз қаласындағы “Көркем гимнастика және үстел теннисі” спорт кешенінде Жеңіс күніне арналған “Ордабасы” және таэквондо ұлттық командалық ойындарынан Қазақстанның Ашық Кубогы болып өтті. Шараны “Ордабасы” Қазақстан командалық ойын федерациясы, Жамбыл облысы әкімдігі басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастырды. 14 мамырда салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Парламентінің депутаты Гүлдар Нұрымова, Жамбыл облысы әкімдігінің дене […]

Бітімгершілік – бейбіт елдің миссиясы

Жамбыл облыстық ҚХА Медиация кабинеті Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ, яғни Тараз қаласының “Көне Тараз” тарихи-мәдени кешеніндегі Достық үйінде орналасқан.  Облыс бойынша құрылған Медиация кабинеті бітімгерлік институтын дамыту бойынша өз миссиясын күні бүгінге дейін тыңғылықты жалғастырып келеді. Осы сала бойынша құрылған 40 алаңда Жамбыл облыстық ҚХА-ның 38 медиаторлары халыққа практикалық және […]

Тараз қаласының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімінде мерекелік концерт өтті

Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы №5513-әскери бөлімінде Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қолдауымен мерекелік концерттік бағдарлама өтті. Мерекелік іс-шарада Достық үйінің «Үкілім ай» би ансамблінің мың бұралған қыздары жиылған жұртты өз өнерлерімен тамсандырса, Неміс этномәдени бірлесітігінің «Поющие сердца» вокалдық ансамблі «Я приеду в […]

Көмек қолын созған жандар

1 мамыр – Қазақстан  Халқының Бірлігі күні қарсаңында Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің меценаттары қайырымдылық акциясын өткізді.      Тараз қаласының 30 әлеуметтік аз қамтылған отбасына азық-түлік жиынтықтары таратылды. Жинаққа ұн, макарон, өсімдік майы, шай, кондитерлік өнімдер, жемістер кіреді. Азық-түлік себетін “Вайнах “Жамбыл шешен-ингуш мәдени орталығы” ҚБ,  Жамбыл облысының “Вынхуа” дүнген этномәдени бірлестігі, Жамбыл облысының тәжік этномәдени бірлестігі, […]

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті, бірақ ерекше маңызы бар сессиясы өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті, бірақ ерекше маңызы бар сессиясы өтті. Бұл жолы оны жүзеге асырудың ерекшеліктері бар. Барлығы еркін форматта, шектеусіз.Президентіміз тек Қазақстан халқы Ассамблеясының ғана емес, бүкіл елдің саяси құрылымының болашағын айқындайтын аса маңызды мәлімдемелер мен бағыт-бағдар берді. Президентіміз айтқандай, Екінші Республиканың құрылуын көріп отырмыз және расында, «Жаңа Қазақстан» – серпінді өзгеріп жатқан әлемде […]

Кешегі өткен Ассамблеяның ХХХІ сессиясында Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер бойынша елде референдум өткізу туралы мықты шешімдер қабылдады

Кешегі өткен Ассамблеяның ХХХІ сессиясында Қазақстан Президенті  Қасымжомарт Тоқаев Конституцияға түзетулер бойынша елде референдум өткізу туралы мықты шешімдер қабылдады. Соның нәтижесінде қолданыстағы Конституцияға өзгерістер енгізілетін болады.  Жалпыға бірдей дауыс беру халықтың ерік-жігерінің жарқын мысалы болады. Референдум дегеніміз – менің пайымдауымша, әрбір қазақстандыққа өз ұстанымын, өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру. Жеке, оның өмірлік тәжірибесі мен үміттеріне […]

 Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXI  сессиясы қазақстандық қоғам өміріндегі маңызды оқиға

Бүгінгі сессиямыздың  тақырыбы да өзекті – «ЕЛ БІРЛІГІ – ЖАҢАРҒАН ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТІРЕГІ» деп аталады. Қазақстанда 140-тан астам этнос тұрады. ҚХА – құрылғаннан бері, қоғамдағы тұрақтылықтың негізгі факторларының бірі ретінде өзінің басты миссиясын абыроймен атқарып келе жатқан бірегей институт. Тұрақтылық, бейбітшілік, өзара түсіністік, достық жағдайында ғана прогресске қол жеткізуге болады. Жаңғыртылған саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйемен, прогрессивтік […]

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл шуақты, көктемгі мереке әрбір қазақстандыққа жақын, сондықтан ол біз үшін ең қымбат әрі маңызды – көпэтносты Қазақстандағы достықты, түсіністік пен келісімді білдіреді. Дәл осы факторлар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың “жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы”атты Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілген реформаларды жүзеге асыру, еліміздің және қоғамның одан әрі дамуының айқындаушысы болып табылады. Өйткені, тек бірлескен күш-жігермен […]

Жыл сайын Қазақстан халқының бірлігі күнінде Жамбыл облысының аумағында тұрып жатқан 80-нен астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі Әулие Ата өңірінде тату-тәтті

Жыл сайын Қазақстан халқының бірлігі күнінде Жамбыл облысының аумағында тұрып жатқан 80-нен астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі Әулие Ата өңірінде тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын дәлелдеп, атаулы мерекені асқан ұйымшылдықпен атап өтеді. Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер жоспарланған. Кеше ғана астанамыз Нұр-Сұлтан қаласында […]

Таразда Қазақстан Халқының бірлігі күні атап өтілді

Бүгін Жамбыл облысының ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен өкілдері, Жамбыл облысы әкімдігі, облыс әкімдігінің Ішкі саясат басқармасы, облыс әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ қызметкерлері 1 мамыр-Қазақстан халқының бірлігі күнін мерекелеуге арналған “Бірлігі жарасқан жаңарған Қазақстан!”атты мерекелік іс-шараны ойдағыдай атап өтті. Іс-шара қаламыздың  “Жастар” аллеясында өтті. Аталмыш іс-шараға қонақ ретінде Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов, […]