Entries by Администратор

АСТАНАДА ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТТІ

Үстіміздегі жылдың 24 қаңтарында Астана қаласында «Қазақстандағы бірлік пен ынтымақ саясаты: тәжірибесі мен болашағы” атты халықаралық ғылыми- практикалық конференция өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай елордада өткен жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, Ұлттық құрылтай және Ғылыми сарапшылық кеңес мүшелері, жетекші ғалымдар қатысты. Жиында этносаралық қақтығыстарды болдырмау, ұлттар арасындағы достық пен келісім жайында мәселелер талқыланды. […]

ЖАС ҒАЛЫМДАР КЛУБЫ АШЫЛДЫ

Жамбылда ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық топтың Жас Ғалымдар клубы ашылды. Осыған орай Ш.Мұртаза атындағы ХТУ ғимаратында топтың кеңейтілген отырысы өтіп, оған топ мүшелері, аймақтағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері, студенттер және БАҚ қатысты. Клубтың ресми ашылуына модераторлық еткен Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз университетінің ректоры, Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор – Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлы […]

БІРЛІК ПЕН БЕЛСЕНДІЛІК МАҢЫЗДЫ

Ағымдағы жылдың 23 қаңтарында облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ және Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен №64 орта мектепте «Болашағымыз – бірлікте!» тақырыбында жасөспірімдермен кездесу өтті. Жиынға облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесінің Көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева, Ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бас сарапшысы Ербол Қаншымбеков пен Жастар ресурстық […]

МЕН ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА» ТАҚЫРЫБЫНДА ҚАЛАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТТІ

Өскелең ұрпақты ұлттық құндылықтармен сусындатып тәрбиелеуде өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясы «Ассамблея бөбектері» және «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында қалалық білім бөлімімен тығыз жұмыс жасауда. Айта кетсек, өткен жылдың мамыр айында облыстық «Қоғамдық келісім» мекемесі мен қалалық білім бөлімі «Бір тұтас тәрбие» бағдарламасына сай «100 кіші бағдарлама» аясында әдістемелік материалдарды әзірлеудің 2024- 2026 жылдарға арналған жоспарын әзірлеп, […]

АТА КӨРГЕННІҢ АҚЫЛЫ АРТЫҚ

Ағымдағы жылдың 21 қаңтары күні Достық үйінде облыстық Ардагерлер және ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшелері өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ өкілдерімен кездесті. «Өскелең ұрпаққа өнегелі тәрбие» жобасы аясында өткен басқосу жастарды еңбекке құрмет көрсетіп, адалдық пен үнемшілдікке тәрбиелеу секілді құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған. Жиынды аймақтық Ассамблея төрағасының қоғамдық орынбасары, ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілхан жүргізіп, жастарға Ұлттық […]

РОЖДЕСТВО — ОЛ МЕЙІРІМДІЛІК

Католиктердің рождестволық мерекелерін 6 желтоқсан – әулие Николай қайтыс болған күнін атап өтуден бастайды екен. Католик әлемі өз наным-сенімдерінде әулие Николайды асқан мейірімділігі үшін құрметтеген. Бүгінгі күн оны құрметтеп еске алу жамбылдық поляк этносы үшін жылдағы дәстүрге айналған. Бұл күні поляктар бір-біріне, әсіресе балаларға өзгеше мейірімділік, қамқорлық және қолдау көрсетеді. Осыған қатысты үстіміздегі жылдың 21 […]

ӨМІРШЕҢДІГІН САҚТАҒАН ЕРТЕГІЛЕР ЕЛІНДЕ

Бүгін 2024 жылдың 22 желтоқсанында «Қоғамдық келісім»  КММ, Достық үйі ғимаратында Жамбыл облыстық Немістер қоғамы жылдағы дәстүр бойынша көрермендердің назарына ағайынды Гримм ертегілері желісімен «Қасқыр мен жеті лақ Рождествоны қарсы алды» театрлық қойылымын ұсынды. Бала кезімізден бәріне белгілі бұл ескі ертегілер қазіргі заманымызда да өз өміршеңдігін жойған жоқ, кейіпкерлері бәріне танымал. Сахнада «Рождество» мерекесі қарсаңында […]

«ДОСТЫҚ КЕРУЕНІ» ЖОБАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Достық керуені» жобасы қорытындыланды. Бүгінгі күнге дейін этностарды қоғамдық өмірге интеграциялау, этносаралық саладағы тәуекелдердің алдын алу, мәдени-спорттық байланыс орнату мақсатындағы «Достық керуені» жобасы этностар жиі орналасқан 5 ауданда және Тараз қаласында өтті. Биыл Жамбыл облысының 85 жылдығына арналған «Достық керуені» жобасының көздегені әр аудандағы этностардың дәстүрі мен мәдениетін […]

ЖАМБЫЛДЫҚ ҚХА ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 19 желтоқсанында Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс бөлімі Жамбыл облысы ҚХА Журналистер клубының отырысын өткізді. Журналистердің кезекті отырысында модераторлық еткен «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова қатысушыларға жемісті жұмысы үшін алғысын білдіріп, алдағы жылы атқарылар істерге шолу жасады. Жиын барысында қатысушыларда өз пікірлерімен бөлісіп, имидждік жұмысты […]

ӨНЕРІМІЗ САҒАН, ҚАЗАҚСТАН!

Ағымдағы жылдың 20 желтоқсанында Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты этномәдени берлестіктер фестивалі өтті. Салтанатты жиын «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Жинақбаеваның құттықтау сөзімен басталды. Өткен жылы атқарылған ауқымды істерді ауыз толтыра айтқан мекеме басшысы алдағы жылдың жоспарымен бөлісіп, ел игілігі мен бірлігінің мызғымас беріктігі жолында атқарған әр іске береке тілеп, […]