Entries by Администратор

ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ТОП МҮШЕЛЕРІ БАС ҚОСҚАН КЕЛЕЛІ ЖИЫН

Ағымдағы жылдың 31 қаңтарында М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының «Көпэтносты Қазақстанда азаматтықты нығайту контекстінде ұлттық кодты сақтау және бірегейліктің эволюциясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – этносаралық қақтығыстардың алдын алу және бірлік пен патриотизмді дамыту, сондай-ақ қоғамдық келісімді нығайтудың маңыздылығын талқылау. Кезекті жиынға […]

ТӘРБИЕЛІ БАЛА — АТА-АНА МЕРЕЙІ

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Меркі ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі және Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен «Тәрбиелі бала — ата-ана мерейі» тақырыбында орталық мектептің ата-аналарымен кездесу кеші өтті. Іс-шараның мақсаты – ата-аналармен ашық сұхбат өткізіп, баланың тәрбиесі мен дамуы туралы өзара пікір алмасу.  Аналар кеңесі төрайымының орынбасары Роза Байбосынова модераторлығымен өткен шараға аудандық аналар кеңесінің төрайымы Қайнаркүл […]

БІРЛІК ПЕН БЕЙБІТШІЛІК МЕРЕКЕСІ

Биыл, 2025 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толды. Бұл – еліміз үшін ерекше маңызы бар оқиға, өйткені Ассамблея осы уақыт ішінде Қазақстандағы бейбітшілік пен этносаралық келісімді нығайтуға зор үлес қосты. Ол – қоғамдағы тұрақтылық пен өзара құрметтің кепілі, елдегі барлық этностарды бір шаңырақ астына біріктірген бірегей институт. Қазақ халқының «Бірлік бар жерде – […]

АЙМАҚТЫҚ АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ЖҰМЫС-ЖОСПАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қоғамдық келісімді нығайтып, отбасы құндылықтарын насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға үлес қосуда ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің арқалаған жүгі ауқымды. Облыста қазіргі таңда 40-қа жуық Аналар кеңесі белсенді қызмет етуде. Іргелі ұйымның өткен жылғы атқарған нәтижелі жұмыстары мен алдағы жоспарларын бүгін «Анаға тағзым» отбасыларды қолдау орталығында өткен кеңестің жұмыс отырысында өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы, аталмыш орталықтың […]

ЖУРНАЛИСТИКА- ЖАСТАР КӨЗІМЕН

Ағымдағы жылдың 29 қаңтарында Тараздағы Достық үйінде өңірлік «Ассамблея жастары» ҚБ мүшелерінің қатысуымен «Жаңа толқын» жобасы аясында «ProMediа» 2 атты іс шара өтті. Жастардың көптен бері медиасауаттылыққа қатысты сұрап жүрген сауалдары мен талаптарына сай «Қазақстандық Татар және башқұрт конгресі» РҚБ жастар қанатының төрағасы, облыстық телеарнасының журналисі Риналь Рахматуллин өзінің достық дәрісін Журналистика әлемінен бастады. Журналистика […]

Пойлиев

Мемлекет басшысының бүгінгі Үкімет отырысында көтерген әрбір мәселесі өзекті әрі ел игілігі жолында құнды деген ойдамын. Себебі, алқалы жиында Үкімет жұмысының басты бағыттары айтылып, айқындалды. Нақтырақ айтсақ, ірі инфрақұрылым жобалары, цифрландыру және жасанды интеллект, ядролық энергетиканы дамыту, агроөнеркәсіп кешенін нығайту және инвестиция тарту мәселелері. Еліміздің экономикасы күн санап дамып жатқандығы баршамызға мәлім. Алайда, осы қарқынды […]

БАСЫМЫЗ БІРІГЕ ОТЫРЫП ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАҒДАРЫСТАН ШЫҒА АЛДЫҚ

Қазақстан Халқы Ассамблеясы Тәуелсіз Еліміздің өтпелі кезеңіндегі дағдарысты ырықтандыруға өз әсерін тигізе алды деп есептеуге толық негіз бар.Айтар болсақ,1994 жылғы инфляцияның көлемі 1158,3%-ті (бір жыл бұрын 2165%) көрсетсе,осы жылы эмиграцияға кеткендер саны 477 068 адамды кұраған болатын.Олардың басым көпшілігі Ресей мен Германияға кеткені белгілі.Міне,осындай алмағайып жағдайда Қазақ Елінің болашағын бас біріктіріп ғана баянды етуге болатындығын […]

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ДӘСТҮРЛЕРІ

Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында қаладағы №13 орта мектепте ҚХА-ның 30 жылдығына орай, облыстық қазақ, өзбек, орыс, татар және башқұрт этномәдени бірлестіктері «Түркі халықтарының музыкалық дәстүрлері» атты іс-шарасына қатысты. ҚХА-ның «Бірлік әралуандылықта» жобасы негізінде ұйымдастырылған іс шара аталған білім орнындағы өнер және музыка мұғалімдерінің «Гармония» атты шығармашылық бірлестігі айлығы аясында «Радонеж» орыстар қауымдастығы Аналар кеңесінің өкілі, […]

ҒЫЛЫМИ-САРАПТАМАЛЫҚ ТОПТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 24 қаңтарында Ш.Мұртаза атындағы ХТУ ғимаратында Жамбыл облысы ҚХА ғылыми-сараптамалық тобының Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған кеңейтілген отырысы өтті. Кезекті жиынға Жамбыл облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев, өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының мүшелері, аймақтық этномәдени бірлестіктер өкілдері, студенттер, БАҚ өкілдері қатысты. Ш.Мұртаза атындағы ХТУ ректоры, Жамбыл […]

ЖАМБЫЛДЫҚ ЖАСТАР ЕҢБЕК АДАМДАРЫНА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Күнделікті қала тазалығын қамтамасыз ететін жұмысшылар қашанда құрметке лайық. Бұл тұрғыда жамбылдық Ассамблеяның белсенді жастары көне шаһар тазалығына үлес қосатын еңбек иелеріне арнап жыл сайын ізгілік шараларын ұйымдастырады. Дәстүрлі шара биыл да жалғасын тауып, аймақтық “Ассамблея жастары” қоғамдық бірлестігінің белсенділері аязды күні көшені қардан тазартып жүрген коммуналдық қызметкерлерге ыстық шәй толы термос пен тәтті бәліш, […]