ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ТАПТЫРМАС ҚАСИЕТ
Адам өміріндегі игі істің бірі – мұқтаж жандарға көмек көрсету. Осы тұрғыда этносаралық қатынасты нығайту, бейбітшілік пен келісім жобасын іске асыру және өскелең ұрпаққа үлгі көрсету мақсатында Жамбыл облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, ҚХА меценаты Аббосов Жалил Азимович ағымдағы жылдың қаңтар айында Тараз қаласында орналасқан ерекше балаларға арналған арнайы мектептің тәрбиеленушілеріне тәттілер, ойыншықтар сыйға тартты. […]