Entries by Администратор

МЕДИАТОРЛАР КӨМЕК ҚОЛЫН СОЗДЫ

2023 жылдың 16 наурызында Тараз қаласында, Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім»  КММ ұйымдастыруымен Жамбыл облысының «Кәсіподақ орталығы»  ғимаратына жанжалды немесе даулы жағдайды соттан тыс шешуде консультациялық көмек көрсету бойынша қоғамдық қабылдау ұйымдастырды. Іс-шара Қазақстан халқы Ассамблеясының республикалық Медиация кеңесінің 2022 жылғы 5 тамыздағы хаттамалық тапсырмалары шеңберінде өткізілді. Мақсаты – халыққа құқықтық көмек […]

Таразда «ӘУЛИЕ АТА» қазақ мәдени орталығы Наурыз мейрамын атап өтті

Үстіміздегі жылдың 17 наурызында Жамбыл облыстық “Әулие Ата” қазақ этномәдени орталығы және М. Х. Дулати өңірлік университетінің “Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар” факультетінің “Мәдениет және өнер” кафедрасы “Қош келдің-Әз, Наурыз!” мерекелік іс-шарасын өткізді. Іс-шара халықтық ерекше форматта өтті. Шараға қатысушылар мен қонақтарды мерекемен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің ректоры Мұхтар Байжұманов және Жамбыл облысы әкімдігі […]

Таразда «ХАЗАР» әзірбайжандар бірлестігі Наурыз мейрамын атап өтті

Наурыз – өзара түсіністікті, мейірімділікті, бірлікті, бейбітшілікті, келісімді бейнелейтін және барша қазақстандықтарды біріктіретін ерекше мереке. 2023 жылдың 18 наурызында Тараз қаласында Жамбыл облыстық “Хазар” Әзірбайжандар этномәдени орталығы Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өткізді. Қатысушылар қатарында облыстық этнос өкілдері мен Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері де болды. Мерекеге келгендерді этномәдени бірлестіктің […]

Көктем – жаңару мен гүлдену айы

Көктем – жаңару мен гүлдену айы. Ұлыстың ұлы күні 22 наурызды өзімен ерте келетін көктем әлемге әдемілік пен сұлулықты та ала келетіндей.  Дәл осы мерекенің қарсаңында «Ассамблея жастары» РҚБ белсенділері «Таза қала» акциясы аясында сенбілік ұйымдастырды. Аталмыш ұйым мүшелері Тараздағы Сеңкібай өзені бойын жинап, айналасын қоқыстан тазартты. Сондай-ақ, қала тұрғындарына «ортақ үйімізді» таза ұстауға шақырды. […]

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ИГІ АМАЛ

Наурыз – әр шаңыраққа жаңару, сенім мен үміт, амандық пен береке әкелетін, табиғаттың оянып, рухани жаңғыруының мерекесі. Бұл – сауапты, қайырымды істер жасауға мүмкіндік беретін уақыт. Осыған орай, «Қазақстан татарлары мен башқұрттарының құрылтайы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облысы бойынша филиалының өкілдері Наурыз мерекесі қарсаңында 2023 жылдың 15 наурызында қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Осы ұйымның басшысы Фарида […]

Оңтүстік өңірдегі кеңестік биліктің алғашқы кезеңіндегі қазақ қыздарының қоғамдағы рөлі

Кеңестік билік қоғамдағы қазақ қызының рөлін өз идеологиясына сәйкестендіріп өзгертуді мақсат тұтты. Әрине, білім дәрежесі өте төмен деңгейде болған қазақ қыз-келіншектерін (0,7 %) большевиктердің тезіне салу көп қиындық та келтіре қоймаған еді. Осылай, РК(б)П-ТКП жалпы қоғамдағы, соның ішінде Түркістан өлкесіндегі әйел-мұсылмандар мәселесін барынша белсенді түрде қолға ала бастады. Бірінші партияда жоқ мұсылман әйелдерінің конференциясы 1921 […]

Ардақты аналар!

Құрметті қыз-келіншектер! Сіздерді жер-дүниені шуағына бөлеп, тыныс-тіршілігімізге нәр берген көктемнің шұғылалы мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Көктемнің шуақты сәті әйел-аналарымыз бен аруларымыздың мерекесінен бастау алады. Осынау жарқын мерекенің біздің барлық үміттеріміз бен армандарымызды тығыз байланыстыратын көктемнің алғашқы айының басында келуі, жақсылықтың нышаны болса керек. Әйелдер – әлемге мейірім мен […]

Ардақты аналар!

Аяулы арулар! Сіздерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ана – тіршіліктің тірегі, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, жақсылықтың бастауы. Ел тарихының қай кезеңінде болсын, батыр аналарымыз асқан ерлігі мен өнегелі істерінің арқасында бірлік, тұрақтылық, өркендеу сияқты арқаулы құндылықтар қалыптастыра білген. Тәуелсіз еліміздегі бейбіт тірліктің, мызғымас бірліктің, жарқын болашаққа деген сенімнің, ізгілік […]

АНАЛАРҒА МЫҢ ТАҒЗЫМ

Ағымдағы жылдың наурыз айында Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Жалпақтөбе ауылында Алғыс айту күні мен Халықаралық әйелдер күніне орай аналарға құрмет көрсетілді. Келе жатқан әйелдер қауымы мерекесінің бастамашылары «Қазақстан дүнгендерінің республикалық этномәдени орталығы» РМК төрағасы Зайнудин Махусеев пен осы бірлестіктің Аналар кеңесінің төрайымы Сара Даузова болды. Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ басшысы, ҚХА, «Анаға тағзым» орталығының өкілдері, […]

Балбөбегім – бақытым, болашағым

Ағымдағы жылдың 27ақпанында Жамбыл облыстық ҚХА мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі ұйымдастыруымен Алғыс айту күніне орай және балабақшадан бастап балалармен жұмыс істеуге бағытталған «Ассамблея бөбектері» пилоттық жобасын ілгерілету мақсатында Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Тараз қаласы білім бөлімінің «№17 бөбекжай-балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі тәрбиеленушілерінің қатысуымен Алғыс айту күніне […]