Entries by Администратор

АНОНС !!! ҚҰРМЕТТІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

#ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years АНОНС !!! ҚҰРМЕТТІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! Сіздерді Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдық мерейтойы аясында өткізілетін онкүндік іс-шаралар қатарымен танысып, тамашалауға шақырамыз! Қосымша сауалдар бойынша мына нөмірлерге хабарлассаңыздар болады: +7 775 985 23 67, +7 747 209 47 13, +7 705 997 87 92, +7 707 887 87 23

ЖАСТАР ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ АЛУЫ ТИІС

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, «Тарих ғибраты» жобасы аясында өңірлік ҚХА құрылымдары мен қала жастарының кездесуі өтті. Мерекелік басқосуда аймақтық Ассамблея құрылымдары жастарға «Адал азамат», «Салауатты сана» жобалары жүктеген патриоттық тәрбие, ұлттық құндылықтар, тарихты тану секілді мәселелер төңірегінде орамды ойларын жеткізді. Алқалы жиында облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі […]

ЕРІКТІ ДОНОР

Жарық дүниеде адамзаттың өмірі мен оның денсаулығынан асқан бағалы ешнәрсе жоқ. Сын сағаты соққанда ақ халаттылармен бірге қарапайым адамдардың да өзгенің өмірін сақтап қалуға тырысатыны рас. Адамзаттың бұл саналы әрекеті – донор болу, яғни, ерікті түрде қан тапсыру деп аталады. Жыл сайын наурыздың алғашқы күні «Алғыс күніне» арналған іс-шаралар шеңберінде өтетін осынау игілікті іске Жамбыл […]

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ ОБЛЫСТЫҚ КАЛЛИГРАФИЯ КӨРМЕСІ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 18 ақпанында Халықаралық ана тілі күніне орай, Достық үйінде «Ана тілің алпыс тілге татиды» атты облыстық каллиграфия көрмесі өтті. Іс-шараға этномәдени бірлестік өкілдері, облыс суретшілері ҚХА жанынан құрылған қолөнер шеберлері, музей қызметкерлері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері қатысты. Көрмеге облыс суретшілерінің 25 қолжазба-еңбектері қойылды. Шараның ашылу салтанатында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева, белгілі […]

АНОНС!!! ҚҰРМЕТТІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

АНОНС!!! ҚҰРМЕТТІ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ! ҚХА-ның 30 жылдығы мерейтойы аясында, 1 наурыз Алғыс айту күніне арналған Достық үйінде өткізілетін іс-шаралар легін назарларыңызға ұсынамыз. Қосымша сауалдар бойынша мына нөмірлерге хабарлассаңыздар болады: +7 775 985 23 67, +7 747 209 47 13, +7 705 997 87 92, +7 707 887 87 23

ҚХА «ЖОМАРТ ЖАН» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 14 ақпанында Достық үйінде Жамбыл облыстық ҚХА жанындағы «Жомарт жан» орталығының отырысы өтті. Аталмыш жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев пен «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мубарак Жинақбаева қатысты. Бұдан өзге жиында «Жомарт жан» орталығының төрағасы Жалил Аббосов бастаған аталмыш орталықтың мүшелері де болды. Отырыс барысында аталған […]

АСЫЛЫ ОСМАН «ЖАҢА ЖОЛ» АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Ағымдағы жылдың 13 ақпаны күні Шу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Жаңа жол ауылының тұрғындарымен Бауыржан Момышұлы атындағы орта мектепте Филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат орденінің» және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Осман Әлиқызымен кездесу өткізді. Іс-шараға Шу ауданы әкімінің орынбасары Найман Сұлтанбаев, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мубарак Жинақбаева, «Хазар» Әзірбайжан этномәдени […]

ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ АСЫЛЫ ОСМАН – ШУ АУДАНЫНДА

«Мен сүйетін қазағымдай халқым бар» деп қазақ халқы туралы жүрек түкпіріндегі толғанысын әрдайым айта жүретін Асылы Османқызын танымайтын жан жоқ, сірә! Ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат ордені» және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Асылы Әлиқызының өнегелі өмір жолы көпке үлгі. Күні кеше Шу ауданы Төле би ауылдық мәдениет үйінде тіл жанашыры Асылы Әлиқызы және […]

АСТАНАДА «АДАЛ АДАМ –АДАЛ ЕҢБЕК» ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

Бүгін, ағымдағы жылдың 14 ақпанында Елордамыз Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай «Адал адам – адал еңбек» жастар форумы өткізілді. Форум еңбек адамына құрмет көрсету және түрлі салалардағы беделді мамандармен мотивациялық кездесулер өткізу арқылы еңбекті қастерлеу қағидаттарын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты […]

ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың 13 ақпан күні Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен Тараз сервис және технология колледжінде «Достығы жарасқан елміз» тақырыбында студенттермен кездесу өтті. Қазақстан халқының ынтымағы мен этносаралық татулығын одан әрі нығайтуды көздеген жиынға Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ көрме залының меңгерушісі Жазира Шілдебаева […]