Entries by Администратор

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫНА АРНАЛҒАН ЖИНАЛЫС

2024 жылдың 28 қаңтар күні Тараз қаласында «Қоғамдық келісім» КММ-де «Жамбыл облысы Немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жыл сайынғы облыстық есеп беру жиналысы өтті. Ұйымның өткен жылғы қызметінің қорытындысын шығаруға Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктері мен Немістер қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Айта кету керек, Немістер қоғамының облысымыздағы жұмысы – білім, тіл, әлеуметтік, этномәдени, жастармен жұмыс сияқты бірқатар […]

ДОСТЫҚТЫҢ ДАРИЯСЫ САРҚЫЛМАҒАН ДАРА ШАҢЫРАҚҚА САЯХАТ

Ағымдағы жылдың 24-ші қаңтар күні Оқушылар сарайының «Үлгілі Kamer-тон» эстрадалық вокал студиясының тәрбиеленушілері «Достық татулықтан басталады»  атты шығармашылық жобасы аясында Достық үйіне экскурсия жасады.  Саяхаттау барысында Достық үйінде орналасқан  көрме залымен танысып, өңірлік  Ассамблея тарихына түсірілген   бейнероликті  тамашалады. Сонымен қатар, ең басты 2 құрылым Медиация, Ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің атқаратын  жұмыстарынан толық мағлұмат алып, қолөнер шеберлерінің […]

Қолөнер – мол өнер

Орта Азия халықтарының киім кию, тігу, өрнектерінде сан ғасырлы тарих бар. Киімінен мәдениеті, дәстүрі, талғамы мен тәрбиесі ерекше көрініп тұратын халықтың бірі – Өзбек этносы. Бүгін, «Анаға тағзым» орталығында «Қолөнер-мол өнер» атты облыстық ҚХА Аналар кеңесі жобасы аясында қалалық Өзбек этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесі «Бойтұмар» шеберлер клубының тігіншілеріне арнап шеберлік сыныбын өткізді. Іс-шара барысында Сабохат […]

Биылғы жылдың 21 қаңтарында

Биылғы жылдың 21 қаңтарында Жамбыл облысының Немістер қоғамы этномәдени бағытта “wer weiß denn sowas” зияткерлік ойындар сериясын бастады. 2024 жылғы ойындар сериясы маусымының алғашқы ойыны Қазақстан немістерінің этникалық мерекелеріне арналды. Зияткерлік сайысқа немістер қоғамының белсенділерінен 7 команда қатысып, КБУ тобы жеңіске жетті. «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ТАРАЗДА ОРЫС РОМАНСЫНЫҢ КЕШІ ӨТТІ

2023 жылғы 20 қаңтарда Тараз қаласының Мәдениет үйінде Жамбыл облыстық «Радонеж» орыс қауымдастығы әдемі де әуезді әдеби-лирикалық «Орыс романсы» іс-шарасын өткізді. Шара Рождество мейрамынан кейін орын алатын дәстүрлі шомылдыру рәсімінің мерекелік кеші ретінде өтті. Іс-шараның басында көрермендерге романстың қызықты тарихы таныстырылды. Бұдан соң көрермендер аталған бірлестіктің шығармашылық тобы өнерін тамашалап, жоғары поэтикалық сөз бен сиқырлы […]

ЖАҢА ЖЫЛҒА ЖАҢА ДЕКЛАРАЦИЯ

2024 жылдың 19 қаңтарында «Достық» үйінде ZOOM платформасы арқылы өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері үшін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру тәртібін түсіндіру бойынша онлайн-семинар өтті. Семинар ҚХА-ның 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ елдегі саяси реформаларды түсіндіру бойынша сарапшыларды даярлау жөніндегі республикалық әдістемелік орталықтың […]

МЕДИАЦИЯНЫҢ ДАМУ ҮРДІСІ

Бүгін, ағымдағы жылдың 15-қаңтарында «AMANAT» партиясының ғимаратында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту бағытында мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде, республикалық жоба аясында «ҚР медиацияны дамыту» тақырыбында конференция өтті. Іс-шараға медиация ісін дамыту бойынша «Халықаралық келіссөздер академиясы» қауымдастығы ЗТБ төрағасы, сертификатталған тренер-медиатор Қалмұхамбетов Сабыржан Қайыржанұлы, «Бизнестегі медиация сот істерін жеңілдету» тақырыбында Төраға кеңесшісі, халықаралық жобвларды басқару […]

ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ

Бүгін қазақтың дана, әрі дара тұлғасы, мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаевтың туған күні. Әсем қаламыздың Д.Қонаевтың ескерткішінің алдында жамбылдық жамағат таңертеңнен келіп, 2024 жылдың 12-қаңтарында Қазақстанның дамуына айрықша үлес қосқан қоғам қайраткерінің туылғанына 112 жыл толуына орай, рухына тағзым етіп, ескеркішіне гүл шоқтарын қойды. Гүл қою рәсімі қала әкімі, қалалық мәслихат хатшысы, қоғамдык […]

МЕМЛЕКЕТ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫС ЖҮРГІЗІП ОТЫР

Мемлекет ұлттық тарихымызды түгендеу, тарихи әділдікті қалпына келтіру бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп отыр. Сталиндік қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі ауқымды зерттеу жұмыс аяқталды. Тарихшылардың есебінше, ұлу жылы Жошы ұлысының құрылғанына 800 жыл толады. Қазақ мемлекеттігінің іргетасын қалауға негіз болған ұлыстың тарихына терең зерттеулер қолға алынады. Дәл осы мәселені Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев […]

Қазақстан сыртқы саясатта еліміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығын сақтау, Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ұлттық экономиканың дамуына барынша қолайлы жағдай жасау бағытында жұмыстарды жалғастырады. Ұлу жылында мемлекетіміз үшін аса маңызды халықаралық шаралар өтеді. 2024 жылы Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымына, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске, Түркі мемлекеттері ұйымына, Аралды құтқару халықаралық қорына, Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымына төрағалық етпек. Жыл барысында Астанада осы халықаралық ұйымдардың жиыны өтеді. Оның ішінде, Орталық Азия мемлекеттері басшыларының басқосуы мен Астана халықаралық форумын өткізу жоспарланған. Бұдан да өзге мәселелер көтерілген мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Egemen Qazaqstan газетіне берілген сұқбаты үміт пен болашаққа деген нық сезімді оятып отыр. Махкам Орифов, Жамбыл облысы Тәжік этномәдени бірлестігі қоғамдық бірлестігінің төрағасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі 2024 жылдың 3- қаңтарында Egemen Qazaqstan газетіне берген сұхбатында мемлекеттік қызметшілер – білімді, білікті, бастамашыл, тиянақты, тәртіпті, арлы және Әділетті Қазақстан идеясына адал азаматтар болуы шарт. Олар «адам мемлекет үшін емес, мемлекет адам үшін» қағидатты берік ұстануы тиіс деді. Бұл орайда, Президент қазақ елінің жастарына сенетінін баса айтты. Сондықтан билік […]