ТАРАЗДАҒЫ ТАТАР ҰЛТТЫҚ ТАҒАМДАРЫ ФЕСТИВАЛІ
Заманауи гуманитарлық-техникалық колледжінде «Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Тараздағы татар ұлттық тағамдары» фестивалі өтті. Татар этносы өкілдері өздерінің озық дәстүрлері мен тағамдарын, ата тарихтарынан жеткен асыл мұраларын жас ұрпақтарына дәріптеп, насихаттады. Мұндай шаралар елімізді мекен етіп жатқан халықтардың тілі мен мәдениетіне деген құрметті шыңдау, еліміздегі халықтар достығын, ауызбіршілігі мен бірлігін нығайтады. […]