Entries by Администратор

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл — достық пен ынтымақтың мерекесі. Біздің ең басты құндылығымыз – тәуелсіздік деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтағандай сол құндылықты қастерлеу баршамыздың қасиетті парызымыз. Жылдар бойы алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүретін барша ұлт өкілдерінің еншісі бар. Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын Қазақстан халқы […]

Құрметті облыс тұрғындары!

Сіздерді еліміздің бірлігі мен татулығы жарасқан 1 мамыр – «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесімен құттықтаймын! Ынтымағы мен бірлігі жарасым тапқан елдің ырысы қашанда арта бермек. Досқа адалдық, бауырласқа мейірбандық танытып бейбіт өміріміздің негізі қалануда. Бірлігі бекем елдің іргесі мықты, болашағы нұрлы. Біздің тілегіміз бір, мақсатымыз айқын. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық біздің ең маңызды байлығымыз […]

ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ – БАСТЫ БАЙЛЫҚ

Бүгін Достық үйінде 1 мамыр – “Қазақстан халқының бірлігі күні” мерекесіне орай Жамбыл облысының әкімі, өңірлік ассамблеяның төрағасы Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиынға ұлттық Құрылтай мүшесі, ҚХА төрағасының орынбасары Лугмар Буларов, облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев, облыстық мәслихат депутаттары, “AMANAT”, “RESPUBLIKA”, “Ауыл” т.б. партия өкілдері, аймақтық қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер кеңесі және […]

ТАТУЛЫҚ – ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕЛГІСІ

Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 1 мамыр – «Қазақстан халқының бірлігі күні» қарсаңында «Татулық-достықтың киелі белгісі» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шараға М.Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухабат Турдыева, «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік – қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы» ҚБ төрайымы Леля Узденова, облыс әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Көрме залының меңгерушісі Жазира […]

Тал егу – тәрбие бастауы

Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні «Таза Қазақстан» акциясына орай  «Ассамблея бөбектері» жобасы аясында №18 «Еркежан» балабақшасының бүлдіршіндері  ҚХА төрағасының орынбасары Лугмар Буларовпен бірге бейбітшіліктің символы бәйтерек талын отырғызды. 1 мамыр – «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі қарсаңында өткен шараға  облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек  Ілебаев, облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары  Жалил Аббосов,   «Қазақстан Дүнгендерінің республикалық […]

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін Жамбыл облысы ҚХА ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай, Тараз қаласындағы тыл ардагері, ғасыр жасаған ана Улсоной Авалованың үйінде тал егу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ардагердің ауласын тазалап, тал егуге Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларов, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева, Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам Орифов […]

ГУЛАМ

Бірлік бар жерде жасампаздық салтанат құрып, өрлеуге жол ашылады. Мұны тереңнен тамыр тартатын тағылымды тарих әлдеқашан дәлелдеген. Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясында осынау құндылықтардың мән-маңызы туралы кеңінен баяндалды. Алқалы жиында Президент ең алдымен, еліміздің бірнеше аймағындағы табиғат апаты салдарын еңсеру үшін жүргізіліп жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, […]

АҚПАРАТТЫҚ-ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру  бойынша   «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында Т.Рысқұлов ауданының тұрғындарына ақпарттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Арнайы жұмыс тобының мүшелері облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Мамашев , «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева, облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілханов Құлан, Абай, Каменка, Жаңатұрмыс ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиында  жұмыс тобы […]

ЕЛ ІШІ – ӨНЕР КЕНІШІ

Бүгін Достық үйінде «Ұлттық құндылықтар – ұлт қазынасы» атты облыстық қолөнер шеберлерінің көрмесі басталды. «Қоғамдық келісім» КММ және «Жуалы ауданы білім бөлімінің №1 Балалар өнер мектебі» КММ бірлесе ұйымдастырған көрме үш күнге созылады. Ұлттық бимен түндігі түрілген салтанатты шарада Жуалы аудандық білім бөлімінің басшысы Бақыт Шертаева өнер мектебінің жетістіктеріне тоқталып, жұмысына толағай табыс тіледі.«Қоғамдық келісім» […]

АССАМБЛЕЯ ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ЕГІЗ ҰҒЫМ

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары Ғұлам Умаров БАҚ өкілдерімен баспасөз жиынын өткізді. Брифинг барысында Ғұлам Мұхтарұлы ҚХА-ның қайырымдылық қызметі, су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге гуманитарлық көмек көрсетуге бағытталған «Жүректен жүрекке» акциясы туралы мәлімдеді. Қазіргі таңда Ассамблея қайырымдылықпен белсене айналысатын ұйымға айналды. Елімізде орын алған түрлі табиғи апаттар мен тосын […]